Сайлауалды сыйлықтар: Ердоған тегін газға уәде берді
Murat Cetinmuhurdar/Presidential Press Office/Handout via REUTERS
Түркия басшысы келесі айда үй шаруашылықтарын барлық газ төлемдерінен босатуға уәде берді.
Сайлау науқаны қарсаңында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сәуірдің 20-сы күні Қара теңіз кен орындарынан елдің энергетикалық жүйесіне газ жеткізіле бастағанын мәлімдеп, тұрғын үйлерді тегін газбен қамтамасыз етуге уәде берді, деп хабарлайды Orda.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
«Бір жыл бойы тұрмыстық тұтыну үшін айына 25 текше метрге дейін тегін табиғи газ береміз», - деді Ердоған солтүстіктегі Зонгулдак провинциясындағы газ портының ашылуында.
Ердоғанның айтуынша, Түркияның Қара теңіздегі газ кен орындары бастапқыда тәулігіне 10 миллион текше метр газ өндірген. Дегенмен, алдағы жылдары өндіріс көлемі тәулігіне 40 миллион текше метрге дейін өседі.
«Толық қуатқа жеткенде біз жылына ішкі тұтынудың шамамен 30 пайызын қамтамасыз ете аламыз», - деді ол.
Бұқаралық ақпарат құралдары бұл рәсім түрік үкіметінің сайлау қарсаңында ірі энергетикалық жобаларды көрсетуге жасаған соңғы әрекеттерінің бірі болды деп жазады. Ердоған Түркияның «энергетикалық тәуелсіздік жолында үлкен қадам жасағанын» айтты.
Соған қарамастан, қоғамдық сауалнамаға қарағанда, Ердоған сайлауда жеңіліп қалуы мүмкін. Әзірге 74 жастағы оппозиция кандидаты Кемал Кылычдароғлу көш бастап тұр.
Түркияда президент сайлауы 14 мамырда өтеді. Ердоған соңғы тоғыз жыл бойы президент болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық