Сайлау қарсаңында ақтөбелік белсенді 10 тәулікке қамалды
Азаматтық белсенді Берік Ноғаев Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының шешімімен 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы ORDA. Ақтөбе облыстық сотына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ноғаевқа «Қазақстан Республикасының бейбіт жийындарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзды» деген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы 7-тармағы бойынша айып тағылып отыр.
«Берік Ноғаев халықты сайлау өтетін - 10 қаңтар күні орталық стадион мен облыс әкімдігі алдындағы алаңға митингіге шақырған. Бұл хабарламаны ол 6 қаңтар күні Telegram желісінде «Дядя Боря» деген лақап атпен таратқан. Ноғаев мұндай құқық бұзушылықты бір жылдың ішінде екінші рет қайталап отыр», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық соты.
Азаматтық белсенді Берік Ноғаев әуелі 6 қаңтарда ұсталып, ол туралы Qaharman.kz адам құқықтарын қорғау қоры хабарлаған. Қордың мәліметінше, Берік Ноғаев Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімінде үш сағат ұсталған соң босатылған. Келесі күні оны полицияға шақыртып, әкімшілік іс қозғалып, сол жерден уақытша қамауға алынды.
Ол Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласында тұрады. Ноғаев өзі тұратын қаладан 100 шақырым жердегі Ақтөбе қаласындағы билікке қарсы митингілердің тұрақты қатысушысы. Бүған дейін де Қазақстандағы Қытай жобаларына, жердің шетелдіктерге жалға берілуіне қарсы шығып, бірнеше мәрте қамауға алынған.
«Жалған аккаунттардағы жазбаларға Ноғаевтың қатысы жоқ. Белсендінің азаматтық позициясы ұнамағандықтан билік оны сайлау қарсаңында әдейі оқшаулап отыр», - дейді Qaharman.kz адам құқықтарын қорғау қорының жетекшісі, құқық қорғаушы Дана Жанай.
Сонымен қатар, жергілікті құқық қорғау ұйымдары және өзге де қоғамдық ұйымдар сайлау қарсаңында бақылаушы болуға ниет білдірген адамдарға қысым көрсетіліп жатқанын айтады.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы қаулы шығарып, онда бұрғынғыдай кез келген қоғамдық бірлестік сайлауға бақылаушы жібере алмайтынын, бақылаушылардың фото және видеоға түсіре алмайтынын мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық