Саяси белсенділер Қазақстан билігіне санкция салуды сұрады
Саяси белсенділіктеріне кедергі жасағаны үшін және «әділетсіз сот шешімдеріне» наразылық танытқандар 23 ақпан Нұр-Сұлтанда жиналып, Еуропарламентке үндеу жолдайтындарын мәлімдеді. Олар Қазақстан шенеуніктеріне санкция салынуын сұрамақшы. Бұл туралы Азаттық хабарлады.
«Нұр Отанды» сынға алғаны үшін түрмеден жақында босап шыққан белсенді Санавар Закирова:
– Еуропарламентке үндеу жасайтынымыз хабарлағаннан кейін Қазақстанның түрлі өңірінен адамдар хабарласып, үндеуге қосылғысы келетінін айтты. Сол себепті алдағы бір-екі аптада олардың басын қосып, біріккен үндеу жасаймыз.
Біз, Қазақстан азаматтары, Еуропарламент депутаттарынан мемлекет шенеуніктері мен «Нұр Отан» партиясына жеке санкция салу туралы өтініш жасағымыз келеді. Олар біздің конституциялық құқықтарымызды, азаматтық және мүліктік құқықтарымызды дөрекі, негізсіз түрде бұзды.
Жиынға түрлі аймақтардан адамдар жиналған. Олардың бірі Қызылорда тұрғыны Зинагүл Құтмамбетова:
– Тергеу абақтысына қамалған сап-сау ұлымнан айырылдым. Ал ұлымның өліміне кінәлілер әлі күнге дейін жазаланбаған. Ақырғы демім таусылғанша әділдік орнауы үшін күресемін, деді.
Еске салсақ, 11 ақпанда Еуропарламент отырысында Қазақстандағы адам құқығы сынға алынған. Сонымен қатар, құқық бұзуға қатысы бар лауазымды тұлғаларға санкция салуға үндеген. Отырыста «Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі» қарар қабылданды.
Оны жергілікті сарапшылар мен құқық қорғаушылар «кейінгі жылдардағы ең объективті құжат» деп таныса, билік «теріс ұстанымдағы саясаткерлер ұсынған» деген пікір білдірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық