«Саясаткерлерді қоспаймыз»: Қазақ ғылым академиясының жаңа академиктері кімдер?
Коллаж Orda.kz
2024 жылдың 27 тамызында Алматы қаласындағы Ғылым ордасында - Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жаңадан сайланған академиктерін ресми таныстыру салтанаты өтті.
Orda.kz тілшісі осы жиынға қатысып қайтты.
Іс-шараға саласындағы жетекші өкілдер, оның ішінде ғылым және жоғары білім министрі, 40-тан астам университеттің ректорлары және 50-ден астам ғылыми-зерттеу институттарының басшылары жиналды.
Диплом табыстау рәсімі алдында ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев сөз сөйледі.
«Біз академия құрамына қоғам қайраткерлерін, саясаткерлер мен табысты кәсіпкерлерді қосуды жоспарлап отырған жоқпыз. Тек байқау нәтижесінде, сайлау арқылы ғана академик атануға болады. Академиктердің саны көп болмайды, біз олардың қатарын көбейтпеуіміз керек», – деді.
Жалпы академик атанған 9 адамның ішінде белгілі математик Асқар Жұмаділдаев бар. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ басқарма президенті Ақылбек Күрішбаев, Басқарма Төрағасы, Қазақ нейрохирургтары ассоциациясының президенті Серік Ақшолақов, «PERSONA» халықаралық клиникалық репродуктология орталығының жетекшісі Вячеслав Локшин, «Назарбаев Университеті» ДББҰ қауымдастырылған профессоры Сұраған Дөрбетхан, Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» Астана филиалының директоры Максим Здоровец, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Тілекқабыл Рамазанов, «Өсімдіктер биологиясы және Биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК Молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі Ерлан Тұрыспеков, «Назарбаев Университеті» ДББҰ Вице-президенті Дархан Біләлов бар.
Салтанат барысында жаңадан сайланған академиктерге диплом мен төс белгілері табыс етілді.
Сондай-ақ, іс-шараға ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек онлайн платформа арқылы қатысып сөз сөйледі.
«2023-2025 жылдар аралығында ғылымды қаржыландыру көлемі 643 млрд теңге болды. Оның 2023 жылғы 125 млрд теңгедей құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 жарым есе көп. Әрине, ғылымды қолдау тоқтап қалмайды. Ғылымды дамыту ғалымдарды қолдаудан басталады. Мемлекет басшысы ғылымдарды әлеуметтік қолдау мемлекеттің міндеті екенін атап өтті. Бұған дейін жас ғалымдарымыз президент қолынан жаңа пәтер кілтін алған болатын. Былтырдан бастап «Отбасы банкпен» бірігіп, министрлік арнайы баспана алу үшін бағарлама басталды әрі қарай жалғасады», — деді. Сонымен қатар министр академик атағын алған азаматтарды құттықтап, істеріне табыс тіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық