Саясат үшін төбелес: екі қазақстандық әйелге 120 мың доллар айыппұл салынуы мүмкін
Фото: Pixabay
Анталиядан Астанаға бағытталған ұшақта төбелес болып, олар Эрзурумға жедел қонуға мәжбүр болды. Қазақстандық екі азаматша екі украиндықпен төбелес шығарды, деп хабарлайды TGRT Haber телеарнасы.
14 ақпанда Pegasus Airlines әуе компаниясының ұшағы, салонында басталған жанжал төбелеске ұласқан соң, қонуға мәжбүр болды. Төбелескен төрт адам ұшақтан түсіріліп, жергілікті ауруханаға медициналық тексеруден өткізіліп, кейін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Барлық тәртіпсіздер ұшақтан түсірілген соң, ұшақ Астанаға жол тартқан болатын.
Енді осы Pegasus Airlines әуе компаниясының ұшағында жанжал шығарған екі қазақсьандық әйелге 120 мың доллар көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Танымал түрік басылымы Clash Report оқиғаның мән-жайын баяндады. Басылымның хабарлауынша, төбелеске саяси келіспеушіліктер себеп болған.
«Pegasus Airlines ұшағында Анталиядан Астанаға бағыт алған екі ресейшіл қазақстандық әйел мен украиндық жұп арасында саяси пікірталас туындап, арты төбелеске ұласты. Әуе кемесі шұғыл түрде Эрзурумға қонып, барлық төрт жолаушы ауруханаға жеткізілді, кейіннен олар полицияға тапсырылды» деп жазады Clash Report.
Түрік ақпарат көздері Pegasus Airlines әуе компаниясы төбелестің басталуына себепкер болған жолаушылардан айыппұл өндіріп алмақ ниетте екенін хабарлады. Мәжбүрлі қону мен әуе кемесінің жанармай құюына кеткен шығын 120 мың доллар болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық