«Саяхаттауға татитын ел»: Әлемдік журнал Қазақстан жайлы не жазды?
Фото: Pexels
Әлемге әйгілі туристік басылымдардың бірі Dove Travel Қазақстанды өмірде бір рет болса да барып көруге татитын 10 үздік елдің қатарына қосты.
Dove Travel мақаласында Қазақстанның неліктен саяхаттауға тұрарлық ел екені жайлы кеңінен баяндады. Мақалада қазақ халқының бай мәдениеті мен ғасырлар бойғы дәстүріне баса назар аударылды.
Әрине, көшпелі өмірден сыр шертетін тарихымыз саяхаттауға тұрарлық ел деп мойындалуға мұрындық болып отыр. Мақалада Қазақстанның көркем табиғатының алуан түрлілігі де жазылды. Ұлан-ғайыр даламыздағы Маңғыстау сынды таулы өңірлері мен көркем жерлерінің суреттері журнал бетіне шықты.
Kazakh Tourism атақты туристік басылымға еліміздің енуі жайлы instagram парақшаларында пікір қалдырды.
«Бұл беделді тізімге ену Қазақстанның бай мәдениеті мен таңғажайып табиғатының, сонымен қатар, туристік әлеуетінің жоғары деңгейде танылуының айқын дәлелі», — деді Kazakh tourism ұлттық компаниясы.
Қазақстанда әлем елдерін таңдандыратын таңғажайып өңірлер жетерлік. Алматы қаласының маңындағы Шарын шатқалы, Көкшетаудағы Бурабай, Алматыдағы Көктетөбе сынды жерлері адамдар толассыз баратын көркем жерлер.
Статистикаға назар аударсақ, 2023 жылы Қазақстанға 9,2 миллион адам келіпті. Шетелдік қонақтардың тек 5,7%-ы саяхаттауға, қалғаны туыстарына келгені анықталды. Қазақстанға саяхатшылар негізінен Ресей, Қытай, Түркия және Үндістаннан келеді.
Халықаралық деңгейге мойындау Қазақстанның туристік саласының дамуына сүбелі үлес қосары анық. Dove travel — әлемдегі туризм жайлы ең атақты журналдардың бірі. Қазақстанның сол журналда үздік ТОП-10 елдің қатарында болуы әлемнің түпкір-түпкірінен туристерді тартатыны анық.
Бұл сондай-ақ экономикаға, жергілікті бизнестің дамуына және қазақ мәдениеті мен тарихын әлемге танытуға болатын зор мүмкіндік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық