Сағынтаев TikTok түсіргендерге 31 миллион теңге берді
Алматы әкімдігі TikTok әлеуметтік желісінің пайдаланушыларына 31 миллион теңге қаржы бөлген. Оның қорытындысы бойынша желіге 10 бейне түсіріліп, жариялануы керек болған. Он тиктоктың төртеуін Orda.kz журналисі таба алмады.
Қыркүйек айында әкімдік қала күніне орай Almaty TikTok Challenge 2021 байқауын өткізді. Жеңімпаздарды қымбат техникамен марапаттады. Байқауға қатысу үшін TikTok әлеуметтік желісінде #almatyday2021 хэштегімен бейне жариялау қажет болған. Жеңімпаздарды қаралым саны және бейненің креативтілігі бойынша анықтады.
Байқау хабарламасы
@almaty.creative Біз ең жақсы бейнелер байқауын бастаймыз. Байқау шарттарымен ➡️ @almaty.creative инстаграм парақшасынан таныса аласыз ##almatyday2021
♬ оригинальный звук - almaty.creative
«#almatyday2021 хэштегімен үздік құттықтаулар видеоларын іріктеу ең көп қаралым саны бойынша өтеді. Онда үздік 10 қатысушы бейнежазбалары үшін видео түсіруге пайдасын тигізетін жүлделерге ие болады» делінген тендерлік құжаттамада.
Байқау нәтижелерінде қандай мін бар?
Алматының креативті индустрия басқармасы жеңімпаздардың тізімін жариялады. Жалпы алғанда, құттықтаулар он видео болуы керек еді, бірақ жеңімпаз атанған @zulyarova777, @da_daniska1, @ma.lique, @aisana.zh. деген қатысушылардың жұмыстары да, өздері де табылмады.
Жеңімпаздар тізімі
@gueparrs
@anelbaspakova743
@zulyarova777
@rustam.kaiyryyev
@ibraeva.amalia
@da_daniska16
@crossaline
@ma.lique
@marishamotivation
@aisana.zh

Жеңімпаз @aisana.zh парақшасында түсірілген видеосы жоқ

@da_daniska1 деген лақапатпен TikTok-та тіркелген адам табылмады.
@ma.liqua Это просто какая-то вселенская любовь ? Тоже так любите своих питомцев? ##собаки ##лабрадоры ##такса ##любовькживотным
♬ Pieces (Solo Piano Version) - Danilo Stankovic
@ma.lique
Байқау 19-26 қыркүйек аралығында өтті. Қыркүйек айында @ma.liqui тек бір ғана бейне жариялады және онда автор қаланы құттықтамай, жарияланым #almatyday2021 хэштегін белгілеген жоқ.

@zulyarova777 – жабық парақша
Жеңімпаздар қандай сыйлық алды?
Суреттен көргеніңіздей байқау жеңімпаздары IРhone 12, DJI Mavic 2 Pro квадрокоптері, DGI OM 4 стедикамы, DJI POCKET 2 камерасы, жарықдиодты шам алды.



іРhone 12 – жад көлеміне байланысты 409 900-ден 525 900 теңгеге дейін.

DJI Mavic 2 Pro квадрокоптері – 820 690 теңге.

DJI OM 4 стедикам – 80 990 теңге.

DJI POCKET 2 қалта камерасы – 208 990 теңге.
Орындаушы компания 31 миллион теңгеге не істеді?
Байқау мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ұйымдастырылды. Шарттың сомасы 30 миллион 987 мың теңгені құрады. Осы ақшаға орындаушы компания Almaty Tik Tok Challenge 2021 байқауын ұйымдастыру керек.
Алматының танымал тиктокерлерімен құттықтаудың он бейневидеосын, байқаудың бір хабарламасын түсіру керек еді. Тиктокта байқау жариялау туралы 25 бейнероликті (хронометражы 15-25 секунд) монтаждау; Тиктокта байқау жеңімпаздарын қаралым саны бойынша іріктеу; байқаудың 10 жеңімпазына жүлделерді сатып алу және тапсыруды қамтамасыз ету керек.
Орындаушы компания – ЖК PRO EVENT.
Тикток жеңімпаздары
Almaty TikTok Challenge 2021 байқауының біз тапқан алты жеңімпазының тізімі:
@rustam.kairyyev Happy bday Almaty ?##almatyday2021
♬ оригинальный звук - Рустам Кайрыев
65 мың қаралым.
@gueparrs ALMATYM tygan kuninmen ?##almatyday2021
♬ original sound - gueparrs
84 мың қаралым.
@anelbaspakova743 Поздравляю с днём города Алматы ❤️ ##almatyday2021
♬ original sound - anelbaspakova743
80 мың қаралым.
@ibraeva.amalia ♬ оригинальный звук - Ibraeva.amalia
17 мың қаралым.
@crossalinee все конечно красиво, но холодно капец ##almatyday2021
♬ оригинальный звук - ai?
3 мың қаралым.
@marishamotivation Участвую в Конкурсе ##almatyday2021 поддержи пожалуйста ❤️ Сохраняй локации, пригодится?
♬ Steven Universe - L.Dre
4 мың қаралым.
Тамыз айында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қазақстандық тиктокерлерге ең әдемі локацияларды ұсынуға уәде берді. Шілдеде ол өнер адамдарына, соның ішінде тиктокерлерге көмектесуді маңызды деп санады.
«Жетекші алматылық тиктокер және продюсерлермен танымал жастар бағытын қолдау мен оны дамыту мәселелерін талқыладық. Креативті индустрияны дамыту стратегиясы аясында дарынды жастардың өзін-өзі танытуы үшін жағдай жасайтын боламыз» деп жазды әкім өзінің Instagram-аккаунтында.
«Біздегі Хаустар 10 мың адамның ішінен бүкіл әлем бойынша 2-3 орын алады. Танымал Tik Tok Хаусер тиктокерлері мен продюсерлері тәжірибе алмасуға, дамуға, сондай-ақ жаңадан келгендердің шығармашылығын монетизациялауға көмектесуге дайын. Біз өз тарапымыздан жайлы жағдай жасауға немесе бейнебаян түсіруге ыңғайлы орын ұсыну бойынша қолдау көрсетеміз.
Танымал Tik Tok жұлдыздарының қала өміріне атсалысып, Алматының туристік брендін қалыптастырып, дамытуға, барша әлемге сүйікті қаламыз туралы жар салып, қалалық қоғамдастықтың өзекті мәселелерін шешуге көмектесуге дайын екендігі қуантады» деді Алматы әкімі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық