Сағынтаев тауға шығу қауіпсіз болуы тиіс екенін ескертті
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы өзінің парақшасында туристерге өркениетті жағдай жасау мақсатында тау инфрақұрылымын дамыту қажет екенін айтты.
«Қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, тау жорығын қызықты әрі танымды ету үшін Горельник пен Аюсай шатқалдарында визит-орталықтар ашамыз», - деп жазды Алматы әкімі.
Әкімнің айтуынша, 2021 жылы қосымша 170 шақырымға жуық тау соқпақтарын абаттандыру және 4 кэмпинг аймақтарын құру жоспарлануда. Сондай-ақ, тау туризмін дамыту бойынша екі жобаны іске асыру қолға алынады. Олар - Medeu Resort туристік және Butakovka Med сауықтыру кешендері. Бұлардан өзге, «ЦСКА» тау шаңғысы базасын модернизациялау және қала тұрғындарының спорттық-ағартушылық белсенділігін арттыру жоспарлануда. Мұнда шаңғымен сырғанауға, тюбингпен (үрлемелі тау шанасы-ред.) айналысуға, жаз айларында садақ атуға, атқа мінуге және велосипед тебуге болады.
Қонақ үй бизнесін дамыту аясында биыл 4 қонақ үй кешенін пайдалануға беру жоспарланған. Бұл 4 жұлдызды Novotel Living, Ramada Encore by Wyndham қонақ үйлері мен бюджеттік саяхатшыларға арналған 3 жұлдызды IBIS, Holiday Inn Express қонақ үйлері. Жалпы, Алматыда туристерді орналастыратын 328 орын бар, оның ішінде қонақ үйлер, хостелдер және санаторийлер де бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық