Сағынтаевтың жағымды жаңалықтары 3 миллиард тұрады, ал басқа әкімдердікі ше?

cover

Нұр-Сұлтан әкімдігі БАҚ – тағы имидждік жарияланымдарға 950 млн теңгеден астам жұмсауды жоспарлады. Ал еліміздің оңтүстік астанасының әкімі 3 млрд теңге бөлуді жоспарлауда.

ORDA. ірі қалалардың облыс орталықтарының әкімдері ақпараттық саясатқа қанша қаржы жұмсауды жоспарлап отырғанын және қазыналық ақша қандай ақпаратты таратуға жұмсалатыны туралы жазды.

Билік Елбасы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Парламент пен Үкіметтің жұмысы туралы ақпаратты тарату мақсатында БАҚ-қа демеушілік жасауды өздерінің парызы деп санайды.

Нұр-Сұлтан

Елордадағы республикалық телеарналар елді мекендердің қалай дамып жатқанын 950 млн теңгеге көрсетуге дайын. Сонымен қатар интернет-басылымдарға шенеуніктердің жұмысы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы ақпарат таратуға да қаражат жұмсалады.

Көрермендер, оқырмандар, тыңдармандар мен желі пайдаланушылары күн сайын экс-президент Назарбаевтың, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Парламенттің, Үкіметтің, елордалық әкімдік пен мәслихат қызметінен хабардар болып отыру үшін миллиард теңге жаратылады. Оған қоса денсаулық сақтау жүйесі, ковидпен күрес және халықты вакцинациялау туралы жаңалықтар таратылады. Бұқаралық ақпарат құралдарына биліктің отбасылық құндылықтарды насихаттау туралы ақпараты үшін ақы төленеді.

Позитивные новости Сагинтаева стоят 3 миллиарда: а у других акимов?

Алматы

Алматы үлкен және бай қала, сондықтан мұнда үгіт-насихат жұмыстарына ақша аямайды. Оңтүстік астанада имидждік мемлекеттік тапсырысқа 3 млрд теңгеден астам қаражат жұмсау жоспарланды. Президент Жолдауын және көптеген мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша материалдарды, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың және басқа да қалалық құрылымдар басшыларының жұмысы туралы жаңалықтарды жариялау үшін 3 млрд жұмсалады.

Барлығы жоспарланғандай шығуы үшін және бірде-бір БАҚ артық дербестік танытпауы үшін, масс-медиа мониторингіне 151 млн теңге бөлінеді.

Шымкент

Шымкент қаласында Президент тапсырмалары мен Үкімет қызметін насихаттау мақсатында бюджеттен 553 теңге жұмсау жоспарлануда. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай түрлі тақырыптық «оң имидждік» материалдардың жарияланымдарын жариялау, оның ішінде Қазақстанның табыстары мен жетістіктері туралы, экс-президент Назарбаевтың тәуелсіз елдің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлі туралы айту қамтылған.

Түркістан облысы

Өңірдің дамуы туралы жағымды материалдарға 356 млн теңге жұмсау жоспарлануда. Материалдар мемлекеттік, орыс және өзбек тілдерінде шығады. Әкімнің, мәслихаттың және облыстық басқармалардың жұмысы туралы мақалалар да жоспарда бар. Тапсырыс бойынша материалдар «позитивті және имидждік» болуы керек.

Павлодар облысы

Шенеуніктердің жұмысы туралы ақпаратты таратуға жұмсалатын қаражат солтүстік өңірде 631 млн теңгеге жетуі мүмкін. Сондай-ақ, әкімдік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, өңірдің әлеуметтік–экономикалық дамуы, Президент жолдауы, Мемлекеттік бағдарламалар, «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберіндегі іс-шараларды атап өту» туралы жарияланымдар үшін ақы төлеуге дайын.

Шығыс Қазақстан Облысы
Басқа аймақтармен салыстырғанда - шығыста имиджді дамытуға аз қаражат бөлінді. Бар болғаны 114 млн теңге. Жергілікті билік бұл қаржыға БАҚ арқылы халықты мемлекеттік саясаттың жаңалықтары туралы хабардар етуді жоспарлап отыр. Аталған қаржыға LED-экрандардағы әлеуметтік ақпараттар да кіреді.

Жалпы ел бойынша жергілікті БАҚ-та дайындалған және жарияланған оқиғалар, сюжеттер, ақпараттар, роликтер үшін 10 млрд теңгеден астам қаражат жұмсау көзделген.

Авторы: Карина Закарина

Аударған: Баян Танатарова

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар