Сағынтаев: Біз қанша жыл күттік, тағы біраз күтейік
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен кездесу барысында қала тұрғынының «Алтын Орда» базарының жанынан өткел салу туралы сұрағына жауап берді. Жас жігіт осы кептеліске байланысты күніне төрт сағатының жұмысқа келіп-кетуге кететінін айтып шағымданды.
«Алтын Орда» базарының айналма жолы барлығымызды шаршатты. Қалаға келгелі Алтын Орданың жолы қашан шешіледі деген мәселені естіп келе жатырмын. Өкінішке орай, Алтын Орда базары қалаға жатпайды. Ол Алматы облысының жері. Мен де сол жолдың шешілуін күтіп жүрмін. Оның жұмысы министрліктің құзыретінде. Министрлік мердігер компанияны таңдаған, ақшасы жеткілікті. Бірақ мердігердің күші жетпей ме, басқасы ма, берген ақшаны игермей әлі келе жатыр. Өткенде Премьер-министр мырза келгенде осы мәселені тағы көтердік. Алматылықтар үшін қалаға кіріп-шығу қиынға соғып отыр. Егер бұл жол бітсе, бір мәселені шештік деп есептейміз», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Алтын Ордадағы өткелдің құрылысы 2017 жылы басталды. Жоба бойынша жүріс бөлігін 10 жолаққа дейін, эстакадасы бар бір бұрылыс сақинасы, бұрылыс эстакадасы, Ақсай өзені арқылы өтетін көпір және үш жаяу жүргінші өткеліне дейін кеңейту жоспарланып отыр.
Жұмыстың аяқталуы үнемі кейінге шегеріліп келеді. Жақында «Қазавтожол» ҰК жол торабының құрылысын 2021 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр деп хабарлады. Жобаға 10,8 миллиард теңге бөлінді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық