Сағынтаев AParking үлесін Қайрат Боранбаевқа 5 млн теңгеге сатқан
Күнделікті 5 млн теңге табыс табатын Алматыдағы AParking автотұрақ желісі Назарбаевтың құдасы Қайрат Боранбаевқа 5 млн теңгеге сатылып кеткен.
Ulysmedia.kz хабарлауынша, 2016 жылы Алматыда автоматтандырылған ақылы көлік қоятын тұрақ жүйесі іске қосылған.
Қала тұрғындары көліктерін көше бойына және тұрақ алаңдарына қойып кете алады. Екі қызмет түрі де бір операторға тиесілі. Ол – Alan Parking ЖШС. Оның құрамында 12 мың тұрақ бар.
Автотұрақтың басым бөлігі – Райымбек, Абай, Қалдаяқов, Сейфуллин көшелерінде орналасқан. Ақылы тұрақ бағасы сағатына 100 теңге тұрады. Үш түрлі төлем жүйесі арқылы есептесуге болады. Ол паркомат, киви-әмиян және СМС жолдау арқылы.
Aparking бірыңғай операторы «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС-ға қарайды.
Ал «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС-ның 70% үлесі «RR2» ЖШС-ға, қалған 30% Алматы әкімдігіне қарасты ӘКК-ге (Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация) тиесілі.
Aparking компаниясының хабарлауынша, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында ақылы тұрақтарды басқару үшін аралас модель (70% – жеке, 30% – мемлекеттік) таңдалды.
2019 жылы мамыр айында Қайрат Боранбаев «RR2» ЖШС-нің жалғыз иесі атанды. Бұған дейін бизнесмен «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС Бас директоры Саламат Ахметовпен бірлесіп басқарған болатын.

Скрин uchet.kz, «RR2» ЖШС салық көрсеткіші
Ulysmedia.kz дерекөзі ӘКК Alan Parking үлесін Қайрат Боранбаевақа 5 млн теңгеге сатқанын хабарлады. Келісім-шарт әкім Бақытжан Сағынтаевтың кезінде жасалған. Сондай-ақ, дереккөз Alan Parking жүйесінің күнделікті табысы 5 млн теңге екенін де еске салды.
2019 жылы комания басшылығы AParking табыссыз жұмыс істейтінін, инвестицияланған қаражат 2020 жылы қайта қаралатынын айтқан.
«Жоба сараланған тарифтермен бес жылдан кейін табысқа шығады деп жоспарланған болатын. 100 теңге тарифімен не болары белгісіз. Бес жылдан кейін біз пайдадан 472 млн теңге шығынды жаба бастаймыз. 2020 жылы компанияның кірісі мен шығысы теңеседі. Есеп бойынша табыс таза пайданың 10-15% - ын құрайды» деді AlanParking қаржы директоры Мұхтар Базарбаев.

Скрин uchet.kz, Alan Parking салық көрсеткіші
Компания сайтында инвестиция - 3,96 млрд теңге екені жазылған. Күніне 5 млн табыс табатын автотұрақ желісіне бір жылда 2 млрд теңге қаражат құйылады. 2016 жылы басталған жоба, шынымен 3-4 жылда өзін-өзі толық ақтап тұр.
Еске салсақ, Бақытжан Сағынтаев 28.06.2019 – 31.01.2022 жылдар аралығында Алматы қаласының әкімі болды.
2022 жылы 17 наурызда Қаржылық мониторинг агенттігі белгілі кәсіпкер, «Қайрат» футбол клубының жетекшісі, ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевқа қарсы тергеу амалдарын бастады. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталып отыр. Қазір ол сот шешімімен 2 айға қамауға алынды.
Forbes журналының нұсқасы бойынша 56 жастағы Қайрат Боранбаев Қазақстанның ең бай және ықпалды бизнесмендерінің ТОП-50 қатарына кіреді. Оның байлығы 519 миллион долларға бағаланады.
Сержан Жұмашовпен бірге Алматыдағы Esentai Tower БО және Esentai Mall сауда және ойын-сауық орталығына иелік етеді. Сондай-ақ, кәсіпкер Республика алаңында жалпы ауданы 25 мың шаршы метр болатын «Алмалы» жерасты сауда орталығының жалғыз меншік иесі.
Боранбаевтың тағы бір елге белгілі бизнесі – Қазақстан, Беларусь және Ресейдің бірнеше өңіріндегі McDonald 's франшизасы.
Сонымен қатар ол Ресейлік миллиардер Виктор Харитонинмен және басқа серіктестерімен бірге ковидке қарсы «Спутник-V» ресейлік вакцинасын әзірлейтін «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС-н басқарады.
Қайрат Боранбаев —Дариға Назарбаеваның бұрынғы келіні Әлима Боранбаеваның (марқұм Айсұлтан Назарбаевтың әйелі болған) әкесі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық