Сақтандыру есебінен 1238 әйел ЭКО жасата алады
Енді Қазақстандық әйелдерге экстракорпоральды ұрықтандыру рәсімінің қолжетімділігі артпақ. Осыған дейін тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне қосылды.
- "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы қалалық филиалының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасы 2010 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс бойынша жүзеге асырылып келді. Биыл еліміз бойынша 7000-ға жуық үміткер «Аңсаған сәби» арнайы президенттік бағдарламасы шеңберінде ЭКО жасатып, ата-ана бақытын сезінуге мүмкіндік алмақ.
Мәселен, 2020 жылы Алматы қаласында 643 ЭКО жасалған. Оған 563 млн теңге бөлінді. Биыл жоспар бойынша 1238 отбасы қарастырылмақ. Оған қажет қаржы 2 есе артып, 1,1 млрд теңге болып отыр, - деді филиал директоры.
Биыл оңтүстік астана бойынша аталған бағдарламаға медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен 7 медициналық ұйым қатысып жатыр:
- «Private clinic» ЖШС;
- «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ;
- «PERSONA» ЖШС;
- «Экомед» фирмасы» ЖШС;
- «Репродуктивтік медицина институты» ЖШС;
- «Клиника AMD» ЖШС.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық