Сәуле Әбілдаханқызы үйлі болған 9 жасар бала теріс ағымға түсіп кете ме деп қорқатынын жазды
Журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзінің парақшасында елді елжіреткен 9 жасар балаға шүйлікті.
Еске салсақ, 9 жасар Оразымбет халықтан үй алып беруін сұрап, «өскенде үйді қайтарып беремін» деп елді елжіреткен.
Журналистің айтуынша, ол баланың үйлі болғанын білгенде қуанып қалған, бірақ артынша бір дүние оны ойландырған.
«Бір кішкентай балапанға халық үй сыйлапты, жүрегі жарыла қуанып, рахмет айтып тұрған балақанның видеосын көріп қалдым. Құтты болсын! Өсіп-өніп, жаңа шаңырағы қарашаңыраққа айналсын! Анасы аман болсын! Бір адам қуанса, қуанамыз ғой. Ал ана мен баланың қуанғаны – Құдайдың қуанғаны. Тек… әлгі баланың алғыс айтқан видеосын қарап отырғанда, «қап, әттеген-ай!..» деген бір түйткіл тұрды көкейде» дейді Сәуле Әбілдаханқызы.
Ол кішікентай баланың екі сөзінің бірінде «Аллах, Иншаллах, Машаллах, жәннат…» сияқты араби сөздер қолданатынын алға тартып, үйді «сақалиттер» сыйға тартқан болар деген болжам жасаған.
«Өзегіне құрт боп түспесе екен. Жүрегіне нұр боп құйылса екен. Балалардың, жеткіншектердің өзегі берік болуы, әртүрлі ағымның жетегінде кетпеуі – отбасымен бірге мектеп мұғалімдеріне бірдей байланысты. Бүгін мектеп оқушыларының өзегіне ұлттық нәрді құймасақ, ертең ол вакуумға «қоқыс» толады да, міне, сол кезде нағыз қасірет, нағыз трагедия болады. Ол кезде Тәуелсіздігіміз де бәйгеге тігіледі. Балапандарды араби уағыздан сақтайықшы!» деп жазды журналист.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық