Сәуірде қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы Алматыға жеткізіледі

cover

Қазақстанда өндірілген коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы Алматыға сәуір айында келеді.

Бұл туралы онлайн-брифингте Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.

— QazCovid-in отандық вакцинасының алты мың дозасын жеткізу сәуір айына жоспарланған, - деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.

Бұған дейін Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев жаппай вакциналауға жеке емханалар да тартылатынын еске салды. Ол үшін 250 пункт қызмет көрсетуге дайын. Олар негізінен медициналық ұйымдарда және сауда саттық орындарында орналасатын болады.

ҚДСБ басшысы екпені кім жүргізетініне қарамастан, тегін болатынын атап өтті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар