S&P Қазақстанның тәуелсіз несие рейтингін растады
Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның егеменді несиелік рейтингін BBB-/A-3 деңгейінде, тұрақты болжаммен растады, деп хабарлайды үкіметтің ресми Telegram-арнасы.
Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі факторлар ел экономикасының «мықты» фискалдық және сыртқы теңгерімдері болып табылады. Сонымен қатар өтімді сыртқы активтердің болуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығын айтарлықтай қолдайды.
S&P үкіметтік және сыртқы баланстар жақын болашақта сенімді болып қалады және ықтимал макроэкономикалық құбылмалылықты азайту үшін жеткілікті болады деп ескертеді.
«Агенттіктің пікірінше, Ресейге қарсы экономикалық санкциялардың қайталама салдары басқарылады және Қазақстанның негізгі мұнай мен газ экспорттық нарықтарына қол жеткізуінде үзілістерге әкелмейді. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның тиімді макроэкономикалық саясаты экономиканы әртараптандыру, жеке секторды дамыту, үй шаруашылықтарының кірістерін арттыру, инвестициялық ахуалды жақсарту, салық саясатын жетілдіру шаралары аясында жалғасады» делінген үкімет таратқан хабарламада.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің несиелендіру бағдарламаларынан бас тартуы теңгенің артық өтімділігін азайтады, сондай-ақ трансмиссиялық механизмдерді жетілдіреді.
Жалпы, Standard&Poor's Қазақстан экономикасы 2022 жылы 3,6% және 2025 жылға дейін орта есеппен 4% шамасында өседі деп болжайды.
Бұған дейін S&P Ресей мен Украинаның ұзақ мерзімді тәуелсіз несие рейтингін төмендеткен болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық