СҚО полицейлері аудан тұрғынынан 2 келіден астам есірткі тәркіледі
Polisia.kz. хабарлауынша СҚО аудан орталығының тұрғынынан екі келіден астам есірткі тәркіленген.
Бұл кезекті рет заңсыз айналымнан тәркіленген есірткі. Тайынша ауданының полицейлері ҰҚК СҚО бойынша департаменті қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аудан орталығының 52 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Оның сөмкесінен өсімдік тектес зат салынған пластик қап табылды.
Сараптаманың қорытындысына сәйкес, ол кептірілген марихуана болып шықты. Салмағын ескерсек, бұл есірткінің аса ірі көлеміне жатады.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-б. (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатында заңсыз жұмыс істеу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер тізіліміне енгізілді.
— Аталған қылмыс түрінің әлеуметтік қаупі жоғары болуына байланысты есірткінің заңсыз айналымына ерекше көңіл бөлінеді,- дейді Тайынша ауданының ПБ бастығы Нұрлыжан Ақтанов.
Жыл басынан бері аталған ауданда есірткімен заңсыз жұмыс істеудің бес фактісі тіркелді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық