СҚО-ның дамуына 2 млрд теңге қаражат бөлінеді
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қаралды.
Бұл туралы ақпарат Рrimeminister.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары жаңартылды. Құжат төрт негізгі бағыт — инвестициялық жобалар, тұрғын үй және инфрақұрылым, әлеуметтік сала, қоғамдық құқықтық тәртіпті және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету бойынша 80-нен астам іс-шараны жүзеге асыруды қамтиды.
Жаңартылған Кешенді жоспарда инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 2 трлн теңгені құрайды, оның басым бөлігі – жеке инвестициялар. Бұл жаңа жобаларды іске асыруға, сапалы жұмыс орындарын құруға және өңір экономикасының жаңа құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Алдын ала бағалау бойынша Кешенді жоспарды іске асыру өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдері көлемін 1,5 есе ұлғайтуға, жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқынын 5,2%-ға дейін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Жаңа өсу нүктелері пайда болады, облыстың инфрақұрылымы жақсарады.
Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға арналған 400 орындық түзету мектеп-интернаты және 16 мектеп салынады. Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша жоғары оқу орнын, сондай-ақ Академиялық көшбасшы орталығын құру жоспарлануда.
— Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жаңа қарқынға ие болады. 26 мың жұмыс орны ашылады. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту өңірдегі көші-қон үрдістерін тұрақтандыруға мүмкіндік беріп, жастардың тұрақтауы мен мамандардың келуіне қосымша жағдай жасайды. Бұған білім беру мен денсаулық сақтау салаларын белсенді дамыту септігін тигізеді, - деді Мамин.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық