СҚО-да тергеу амалдары электрондық форматқа ауыстырылуда
Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 500-ге жуық қылмыстық іс электрондық форматта тергелді, деп хабарлайды ORDA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бүгінде тәртіп сақшыларына қойылып отырған басты талап - жеделдік, мобильділік, ашықтық.
Осыған орай барлық тергеу амалдары электрондық форматта жүзеге асырылуда.
Қызметкерлердің онлайн форматқа бейімделуі барысында компьютерлік бағдарламалармен, планшетпен, стилуспен жылдам әрі нақты жұмыс істеуі аздап қиындық туғызған.
СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембиннің айтуынша, облыстың полиция бөлімінде 138 тергеуші мен 43 анықтаушы еңбек етеді.
2020 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда қылмыстық істердің электронды форматқа көшірілуі 31%-ға артып, жалпы 80%-ды құрап отыр.
Жыл басынан бері Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енген 603 қылмыстық құқық бұзушылықтың 481-і электрондық форматта тергелген.
«Электрондық форматқа көшу процестік құжаттарды беру және алу мерзімін азайтуға, процеске қатысушыларға қажетті ақпараттарды ұсынуда және бейнеконференция байланыс режимінде жұмыс істеу есебінен уақыт пен ресурстарды қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, басшыға қылмыстық істі тергеу барысын бақылауына және қадағалау органымен тығыз іс-қимыл жасау кезінде онлайн-режимде нұсқаулар беруге қолайлы», - дейді Еңбек Сембин.
Бүгінгі таңда е-ҚІ модулінде нәтижелі жұмыс істеу үшін тергеушілер мен анықтаушыларға 130 жұмыс орны құрылды.
Жедел уәкілдер, ювеналдық полицейлер, учаскелік полиция инспекторлары және қылмыстық істер бойынша жиі жұмыс істейтін өзге де бөліністердің жұмысы үшін 90 жұмыс орны жабдықталмақ.
Осылайша солтүстік қазақстандық полиция цифрландыруды кезең-кезеңмен енгізбек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық