Сәкен Майғазиев Шымкент мәдениет үйінің директоры қызметінен босатылды
Сәкен Майғазиев Шымкент мәдениет үйінің директоры қызметінен босатылды, деп Шымкент қалалық мәдениет басқармасы өз Instagram парақшасында мәлімдеді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Майғазиев Сәкен Қордабайұлы шығармашылық жұмыстардың қарқын алуына байланысты «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директоры лауазымынан өз өтініші бойынша ерікті түрде босатылды, - делінген хабарламада.
Ал әншінің өзі әзірге жұмыстан шығуына қатысты ешқандай пікір білдірмеген.
Еске салсақ, ол бұл қызметке 2020 жылдың желтоқсан айында тағайындалған.
Артынша наурызда Сәкен Майғазиев басқаратын Шымкент қалалық мәдениет үйінің Наурызға арналған іс-шараларға 595 млн теңге қаржы бөлгені анықталып, қоғам ішінде дау тудырған. Оны белсенділер мемлекеттік сатып алу порталындағы ресми деректеріне сүйеніп есептеген.
Сондай-ақ, шілдеде әнші өзін «жемқор» деп атаған белсенді Аружан Дүйсебаеваны сотқа берген. Ал тамызда өз арызын қайтып алған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық