Сәкен Бибосыновтың жеңісі: спортшы төрешілерді "жемқор" деп айыптады
Фото: aiba.org
Жеңіл салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Шакур Стивенсон 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында отандасы Роско Хиллдің қазақстандық Сәкен Бибосыновтан жеңіліп қалғанына наразылығын білдірді.
Vesti.kz сайтының хабарлауынша, сол жекпе-жектің нәтижесі төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Бибосыновтың жеңісі Қазақстанға 2021 жылғы әлем чемпионатының екінші алтынын әкелді.
Алайда Стивенсон соңғы үкіммен келіспейді және Халықаралық бокс қауымдастығын (AIBA) жемқорлыққа қатысы бар деп айыптады.
«Мен балақай Роско Хилл екінші және үшінші раундтарда жеңіске жетті деп ойладым. Бұл төрешілер көзбояушылықпен айналысты. Ол шынымен мықты, мен оны екінші және үшінші раундтарда жеңді деп ойладым. Бірінші раундта 10-8 есеп өте қорқынышты болды - AIBA әлі де жемқор!» деп жазды Стивенсон Twitter-де.
He’s really good I thought he won the 2nd and the 3rd round.. And the 10-8 in the first round was horrible - AIBA is still corrupted! https://t.co/C6Wem9Lhpf
— Shakur Stevenson (@ShakurStevenson) November 6, 2021
Оған 2019 жылғы әлем чемпионатының және 2020 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, америкалық боксшы Кишон Дэвис қолдау көрсетті.
«Олар, әрине, әлем чемпионатында Роско Хиллді алдады. Мен көрген ең ақылға қонымсыз шешім – тайға таңба басқандай анық қой. Әуесқой жүйе болғандықтан ешкім бұл туралы айтпайды...» деп жазды Дэвис Twitter-де.
They definitely cheated Roscoe Hill in the world championships. The craziest decision I ever seen its clear as day. And nobody speaks on it only because its the amateur system . . . #everythingisbusiness
— Keyshawn Davis (@KeyshawnDavis8) November 7, 2021
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық