Сәкен Бибосынов жеңілгені үшін елден кешірім сұрады
Токио олимпиадасында қола медаль еншілеген боксшы Сәкен Бибосынов журналистер сұрағына жауап беріп, халықтан жеңілгені үшін кешірім сұрады.
Бұл туралы Orda.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
52 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан боксшы бар күш-жігерін салғанын айтты.
– Токио Олимпиадасына алтын аламын деп келгем. Бірақ қола жүлде бұйырып тұр екен. Жанкүйерлерді, қазақ халқын алтынмен қуантып, Токио төрінде әнұранымызды ойнатуды басты мақсат еттім. Өкінішке қарай, ол арманыма жете алмадым. Бар күш-жігерімді салдым. Соңына дейін жұдырықтастым. Бірақ сәттілік жетпеді.
Барша жанкүйерден, барша халықтан жеңілгенім үшін кешірім сұраймын. Бірінші раундты қарсыласқа беріп қойдым, қалған екі раундта аянып қалмадым.
Бапкерлерім бірінші кезеңнен соң 5:0 ұтылып жатқанымды айтқан соң, одан сайын алға бастым. Енді қола жүлдені қанағат тұтамыз. Бұл менің бірінші Олимпиадам. Тіпті, Токиоға бара алмай қалуым да мүмкін еді. Жолдаманы ең соңғы сәтте жеңіп алғанымды білесіздер. Сондықтан, бәріне қанағат. Бапкерімді, халқымды қуантқым келген. Бұйырғаны қола екен. Жүлдемді барша қазақстандықтарға арнаймын. Осы Олимпиадаға келген соң туған ағам қызды болды. Жеңгем босанды. Айлин деген кішкентай қарындасыма да осы медалімді арнаймын, - дейді спортшы.
Сәкен Бибосынов соңғы кездесуінде ұлыбританиялық Джалал Яфаимен жұдырықтасып жеңілген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық