Сүйіктісін «бір топ боп зорлады» деген күдікті изоляторда асылып қалды
Полиция департаменті бүгін 34 жастағы азаматтың тергеу изоляторында асылып қалғанын хабаралды. Ол «Бір топ адамдар жасаған зорлау» бабы бойынша күдікті деп танылған. Өзін марқұмның туысы деп таныстырған Арман Сабдиров facebook парақшасында оқиғаның екінші жақ бетін жазған.
27 қаңтар күні полиция департаментіне өзін зорлады деп хабарласқан жәбірленушінің арызы келіп түскен. Арызда ол өзін ұрып-соққанын және бірнеше адам болып зорлағаны туралы жазған. Осы іс бойынша 1988 және 1991 жылғы азаматтар құрықталып, тергеу изоляторына қамалады. ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес ұсталғандардың бірі қамауға алынғаннан кейін екі сағаттан соң жейдесінің жеңіне асылып қалған.
Оқиғаның екінші жағы: ағасының әңгімесінен
Марқұмның туысымын деп желіде пікір қалдырған Арман Сабдиров інісінің денесі Алмалы аудандық полиция департаментінен табылғанын және мәйіттің денесінде көгермеген жері жоқ екендігін жазады. Ол інісіне құқық қорғау органы өкілдері қысым көрсетті деп болжам жасаған.
27 қаңтар күні Арманның інісін полиция қызметкерлері алып кетіп, ертесі күні тек оның өлі денесін қайтарған. Мәйіттің денесіне сараптама жасау үшін тәуелсіз сарапшыларды шақырмағанын, қазір осы іспен Алмалы аудандық ІІБ айналысып жатқанын айтқан азамат істің әділетті боларына күмән келтіреді.
«Біз қазір полиция жасаған қылмыстарын жасырып қалу үшін қолдан келгенін істейді деп қорқып отырмыз. Маған 27 қаңтар күні сағат 11:00 шамасында Мұрат хабарласып, қызының арызы бойынша өзін Бостандық ауданының полиция басқармасына алып кеткенін айтты. Ол менің келуімді өтінді, кейін қайта хабарласып келмей-ақ қойсаң болады, қазір түсініктеме алып үйге жібереді деді. Мұрат байланысқа шықпаған соң мен Бостандық ауданының ПБ-сына бардым, олар маған оны Алатау аудандық ПБ-на алып кетті деп айтты, бірақ ол онда да жоқ болып шықты. Ең ақырында оны Алмалы аудандық ІІБ-сына алып кеткенін білдім» делінген жазбада.
Марқұмның ағасы інісін іздегенін, бірақ таба алмағанын жазады. Кейін оған туысы хабарласып полицияның Мұраттың өлімі туралы хабарлағанын айтқан. Мұраттың денесін мәйітханадан алатынын естіген.
«Сол күні мен інімінің денесін мәйітханадан алып кеттім. Бірақ көрген дүниемнен мен шошып қалдым. Оның денесінде көгерген жерлер көп болды: аяғы, шынтағы, қолы, арқасы, тырнақтары, мойыны. Бас бармағы сынған болуы мүмкін. Айта берсең өте көп. Менің інімді азаптағанына шүбәм жоқ. Менің інім мұнай саласында жобалармен айналысатын, өз компаниясы бар, компанияларды басқарған, түрлі кәсіпкерлік қызметтермен айналысты, көп жоспарлары болды, достарының ортасынла сыйлы еді. Оның өлу туралы ойы болмағанын нақты білемін. Біз Мұратты жексенбі күні ақтық сапарға шығарып салдық» деп жазды Арман Сабдиров.

Інісінің қазасына қайғырған Арман Сабдиров оның кінәсі болса ақтамайтынын, егер дәлелденсе жазалануға да қарсы еместігін жазған. Бірақ ол оның бәрі заң аясында, ұрып-соғусыз болу керек деп санайды.
«Сол оқиғадан бері бес күн өтті. Ішкі істер бөлімінің қабырғасында не болғанын түсіндіретін бір адам табылмады. Егер ол кінәлі болса, мен оны ақтамаймын, дегенмен кінәсі анықталған азаматтардың барлығы заңды түрде жазасын алу керек деп санаймын. Тергеу кезінде азаптау жұмыстарын жүргізуге жол беруге болмайды» дейді марқұмның ағасы.
Жазба соңында президент Қасым-Тоқаевқа қайырылған азамат өзін осы іс бойынша жәбірленуші деп танып, іске қатысты материалмен таныстыруды сұраған. Ол әрмен қарай обьективті түрде зерттеу жүргізіліп, сол күні ақиқатында не болғанын анықтағысы келеді.
Полиция таратқан ақпарат
27 қаңтарда полицияға 35 жастағы әйел хабарласып, жүйелі түрде топтық зорлау әрекеттеріне ұшырағанын айтып шағымданады. Полиция жәбірленушінің бірнеше күн қамауда ұстағанын анықтайды. Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, бейтаныс ер адамның төрт күн бойы Саялы ықшамауданындағы пәтерінде жәбірленушіні күштеп ұстап, бірнеше рет зорлағаны арызда айтылған.

Одан әрі арызданушы 25 қаңтарда бұл азамат өзінің досымен бірге Алмалы ауданындағы тұрғын үйлердің біріндегі жалдамалы пәтерге әкеліп, қатты ұрып-соғып, бірнеше рет зорлағанын көрсетеді. Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің «Бір топ адамдар жасаған зорлау» бабы бойынша арызды тіркеді. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 1988 және 1981 жылы туған ер адамдар ұсталды.
«Алмалы ауданы ПБ камерасында ұстау кезінде 1988 жылы туылған ер адам қамауға алынғаннан кейін екі сағаттан соң жейдесінің жеңіне асылып, өз-өзіне қол жұмсады» деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Өз-өзіне қол жұмсау фактісі уақытша ұстау изоляторында орнатылған бейнебақылау камерасына түсірілген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте экс-күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды
- Астанада автобус самокат мінген жасөспірімді қағып кетті
- Садыр Жапаров екінші президенттік мерзімге сайлауға түсу жоспарын жариялады
- Алматыда бір тәулікте 2 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды
- «Дайвинчик»: Танысуға арналған танымал Telegram-ботына сот арқылы тыйым салынды
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 280-нен асты
- Ауғанстанда 2,4 миллион қыз орта білім ала алмай отыр
- Ақтөбеде мұғалім әйел алаяқтық күдігімен ұсталды
- Күннің тұтылуын тамашалаған Германия халқы көз ауруына шағымданды
- Қазақстанда 276 мыңнан астам вейп тәркіленді
- Тәшиев 2027 жылы президент болуы мүмкін еді: Жапаров өз жоспарын ашып айтты
- Дастан Сәтбаевтың бейнесі АПЛ-дың ресми сайтына қосылды: Ол «Челсиде» қала ма?