Рыжий Алмаздың әкесі ұлын кім өлтіргенін айтты
1998 жылы Испанияда қаза тапқан, 90-жылдары қылмыс әлемінде «Рыжий Алмаз» деген лақап атпен танылған Несіпбай Нәсенов туралы деректі әкесі Болатбек Нәсенов айтып берді.
Бұл туралы Болатбек Нәсенов «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, «Рыжий Алмаздың» өліміне сол кездегі билік басында отырғандар кінәлі. 85 жастағы ақсақал Несіпбайды тапсырыспен өлтіруге нұсқау берген Рахат Әлиев дейді.
– Несіпбайдың өлімі туралы айтуға баламның достарының көпшілігі қорқады. Солардың арасында депутат болып жүргендері де бар. Олар Алмазды өлтірген ҰҚК дейді. Рахат Әлиев сол жерде орынбасар болды ғой. Сол Рахат Әлиев өлтірткен дейді. Балам өзін ҰҚК-ның аңдып жүргенін, қастандық жасайтынын білген. Таңғы сағат 5-те бір топ адам келіп, қасындағы күзетшілерін байлап, Алмаздың басына целлофан кигізген. Сөйтіп тұншықтырып өлтіреді. Бірақ сенімді болу үшін басынан тапаншамен атқан. Баламның денесін Қазақстанға алып келгенде, мен ұлымның мәйітін көрдім. Бет-ауызы ісіп кетіпті, баламды әрең таныдым, – деді Болатбек Нәсенов.
Несіпбай Нәсенов 1961 жылы Семей өңірінде дүниеге келген. Ол 90-жылдары Қазақстандағы криминалдық ортаның дүлдүлі болды. 37 жасында Испанияның Барселона қаласындағы виллалардың бірінде қаскөйлердің қолынан қаза тапты.
Несіпбай Алматыдағы Бағанашыл шатқалында жерленген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық