«Рыжий Алмаздың» жаңа кітабы жарыққа шықты
Коллаж Orda.kz
«Рыжий Алмаз» лақап атымен танымал, 90-шы жылдары қылмыс әлемінің серкесі болған Несіпбай Нәсенов туралы кітап жарыққа шықты. Алдағы уақытта кітап бойынша фильм түсіру жоспарланып жатыр.
«Халқымыздың тарихында өмірінің соңына дейін ішкі-сыртқы жаумен арпалысып, жанын тәуекелге тігіп, тағдырдың сынағына сынбай, көп дүниені басынан кешірген Қазақтың арланы Несіпбай Нәсенов (Рыжий Алмаз) ағамыз жайындағы тұнғыш төл туындымыз жарыққа шықты.
Несіпбай Нәсенов ағамыздың өмірбаяны мен жүріп өткен жолы туралы көптеген сұрақтардың жауабын осы кітаптан таба аласыздар.
Кітаптың саны шектеулі» делінген Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған жазбада.
Кітап авторы - кәсіпкер Бекжан Нәлібаев. Кітапта қылмыс әлемінің серкесі дүниеге келген сәттен бастап, оның ақырғы демі таусылғанша дейінгі өмірі баяндалған. Кітап орыс тілінде жарыққа шыққан. 450 беттен тұрады. Кітапта марқұм Несіпбек Нәсеновтың эксклюзивті суреттері мен ол туралы бұрын соңды еш жерде айтылмаған ақпараттар жинағы жарияланған. Кітап 2018 жылы жазыла бастаған.
Еске салсақ, Несіпбай Нәсенов 1961 жылы Семейде дүниеге келген. 90-шы жылдары Қазақстанның қылмыс әлемінің серкесі деп танылып, айыпталып, бірнеше рет түрмеге қамалған. Рыжий Алмаз жасырынып жүріп, Испанияда белгісіз жағдайда көз жұмған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық