«Рыжий Алмаз» бен Қонаевтың кездесуі

Атышулы 90-жылдар туралы екінің бірі біледі. Кейбірі Несіпбай, Бақыткелді, Сабыр бастаған қылмыстық топтарды «шибөрі» деп тіл тигізсе, енді бір легі «азаматтың нары еді, елдің қалқаны еді» деп еске алады. Қылмыстық топтың серкелері туралы ақпараттарды сараптай келе бұл жігіттердің табан астында тапталған халыққа, ақысы кетіп желінген панасызға жел өтіндегі алып қалқан іспетті қамқорлық көрсеткеніне көз жеткіземіз.
Қолымызға күллі қазақ құрметтейтін Қонаев пен осы «Рыжий Алмаздың» – Несіпбай Нәсеновтың кездесуі тіралы ақпарат келіп түскенде көзіміздің шарасы ұлғайғаны өтірік емес. Бірі – Заңды түрде елді басқарып, әкімшілік-аймақтық жүйе құрып, тізгін ұстап отырған азамат. Екіншісі – халыққа пайдасы тисе де, қалталыларға «найзасы» тиіп жүрген қылмыстық топтың серкесі. Екеуінің арасында қандай ортақ тақырып, тілге тиек етер дүние болуы мүмкін?!
Бұл ақпараттың тарауына әлеуметтік желіде жарық көрген Несіпбайдың досы айтқан әңгіме себеп болыпты. Дінмұхаммед Қонаев Қазақ КСР-ын бірнеше жыл бойы басқарып, 1993 жылдың 22-тамызында дүниеден озғанын ескерсек, бұл кездесу сонау 90-жылдың басында болған секілді.
Әрі қарай мақала арнасын Несіпбай Нәсеновтың досы айтқан қазақтың қос жанашырының диалогына бұрсақ.
Ескерту: Диалогтың өмірде орын алғаны немесе болмағаны журналистке белгісіз. Төмендегі диалог Несіпбай Нәсеновтың (есімі жасырын) досы айтқан ауызекі әңгіме нәтижесінде жазылған.
- Денсаулығың қалай, ұлым? Сен Семейдің жігіті емессің бе? Ал енді айтшы, неге сені «Рыжий Алмаз» деп атайды? Есімің Несіпбай емес пе? – деп Димаш Ахметұлы амандасқан күйі таныстық үшін бірінші болып қолын созды
- Ассалаумағалейкум, аға! Иә, мен шығыстың баласымын. Тегім – Нәсенов. Ныспым – Несіпбай. Менің адамдарымды Нұрқаділовтың туыстарымен шатастырмас үшін «Рыжий Алмаз» деп атады. Оның адамдарын «Черный Алмаз» дейді, - деп жауап берді саспастан жүректі жігіт ел басшысының алдында.
- Иә, жігітім, қазіргі заманда жастар деген қоғамға қажетсіз болып қалды. Егер жастарды ақылмен, жүйелі түрде басқара алса, бұл – өте үлкен күш. 86 жылдың желтоқсанында күллі Совет Одағының күші болмағанда, соңы немен аяқталар еді?! Мен секілді кәрі-құртаңдардан кеңес алуға келгенің үшін қуанамын, алғыс білдіремін. Кел, ақыл айтуға әрдайым даярмын. Шынымды айтсам, қазіргі жастармен әңгіме-дүкен құрған қатты ұнайды. Өзің айтшы, қазір бізде жастармен жұмыс жасайтын ұйымдар бар ма, қалды ма? – деп сұрақпен аяқтады сөзін ол.
- Рахмет, аға! Қазір бізде Жастар кеңесі жұмыс істеп тұр. Бірақ ол жерде отырғандарды жастардың болашағы, елдің ертеңі ойлантады деп ойламаймын. Олар қазір бірнеше делдал фирмалармен жұмыс істеп отыр, тек құлқындарын ойлайды. Әсіресе ауылда, кіші қалаларда, кенттерде тұратын жастар олардың жырына кіріп-шықпайды. Мен көбіне спортпен айналысатын жастарға қолдан келгенше көмек беріп жүрмін. Спорттан жырақ жастардың да жұмысы жетісіп тұрғаны шамалы, - деп ашына жауап берді «Рыжий Алмаз».
- Дұрыс айтасың! Қазір спортқа ғана емес, жастардың руханиятына да ешбір көңіл бөлініп отырған жоқ. Егер сен шынымен тырысып жүрсең ел ертеңін ойлағаның үшін алғыс білдіруге міндеттімін, - деді Димаш Ахметұлы көзіне тіке қарап.
Міне, осындай бағытта өрбіген әңгіме көптің көкейінде толғағы қысқан әйелдің зарындай болып шықпай тұрған дүниенің басын ашты. Жастардың сауатсыздану үдерісін Қонаев қарт сол уақытта-ақ байқаған. Сол тоқырау жылдарындағы «көткеншектеудің» кесірі әлі күнге дейін қоғамда көрініс беріп келеді.
Жастардың ғылым-білімге, рухани ілгерілеуге ұмтылмауының басты себебі де – осы. Әсіресе 80-90 жылдары туған жастардың ауыз толтырып айтарлықтай пайызы кейіндеп қалған. Бұл фактіні – сол жылдары туып, өзінің ынта-жігері арқасында биіктеп келе жатқан алдыңғы толқын ағалар сөзіне сүйеніп айтып отырмын.
Қонаев 1993 жылдың 22-тамызында қайтыс болды. Араға бес жыл салып, қазақтың қамын жеп, тоқымын төсеніп, ер жастанған азамат та Испанияның Барселона қаласындағы вилласында қаскөйлер қолынан қаза тапты.
Жаңалықтар
- Израиль соққысы кезінде Иран президенті жараланды
- Президенттен соң – тексеру: Министрлік Алакөлдегі ахуалды бақылауға алды
- Трамп ЕО мен Мексикадан әкелінетін тауарларға 30% баж салығын енгізбек
- Франция Жаңа Каледонияға дербестік мәртебе беруге келісті
- Импорттық жұмыртқаға тосқауыл: Қазақстан бақылауды күшейтті
- АҚШ-та әйгілі Гранд-Каньон өртеніп жатыр: 500-ге жуық турист эвакуацияланды
- Қазақстанда спортшыларға діни үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынды
- Алматыда 28 тұрғын үй кешені «қара тізімге» енді
- Шенеуніктің шымбайына батқан сын: Ұлытау әкімдігі Orda.kz мақалсына жауап берді
- Шетелден қайтарылған 5,1 млрд теңге Қарағанды облысындағы су құбырын жаңартуға бағытталды
- Құмар ойынға әуестігі үшін 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан айырылды
- Алаяқтар арбауы: Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі далада қалды
- «Тарихи мұра»: Қазақстандағы көне таңбалар бар жерге Қытай компаниясы зауыт салады
- Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына жарты миллиард доллар инвестиция салады
- Тілін кесті: Ақтөбеде саябақта тоқ соққан баланың анасы кінәлілерді жазалауды талап етті
- Азаматтыққа қабылдау үшін қазақ тілі мен тарихын білу талаптары өзгеруі мүмкін
- Наразылық пен балалардың үндеуіне қарамастан, Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмек
- Қызылордада полицияны басынған жасөспірімдер мен олардың ата-аналары жазаланды
- Алматы Сеулге айналды: Үнді фильмінің түсірілімі қаланың келбетін қалай өзгертті?
- Ректор болу үшін 200 мың доллар төлеген Айман Мұсақожаева алаяқтарға жем болды