Израиль соққысы кезінде Иран президенті жараланды
Фото: Fars
Иран президенті Масуд Пезешкиан маусым айының ортасында Израиль әуе соққысы кезінде аяғынан жеңіл жарақат алған, деп хабарлайды Orda.kz.
Fars агенттігі дереккөздерінің ақапарты бойынша, Израиль әскери операциясының үшінші күні Тегеранның батыс бөлігіндегі жерасты кешені зымыранмен атқыланған. Сол уақытта кешен ішінде президент, парламент спикері, сот жүйесінің басшысы және өзге де жоғары лауазымды тұлғалар қатысқан жабық кеңес өтіп жатқан.
«Израиль әскері алты зымыранмен кешеннің кіреберісі мен шығаберісін атқылады. Мұндай тактика бұған дейін, 2024 жылдың қыркүйегінде, Ливандағы «Хезболла» жетекшісі Хасан Насраллаға қарсы операция кезінде қолданылған», — деп жазды басылым.
Соққыдан кейін кешен жарықсыз қалған. Алайда жиналысқа қатысушылар балама жол арқылы сыртқа шығып үлгерген. Агенттік дереккөздерінің айтуынша, шабуыл орны туралы ақпаратты Израильге жұмыс істейтін агент берген болуы мүмкін.
Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс 13 маусымға қараған түні басталды. Израиль авиациясы Иранның ядролық және әскери инфрақұрылым нысандарына соққы жасады. Оған жауап ретінде Иран Израиль аумағындағы бірнеше стратегиялық объектіні атқылады.
22 маусымға қараған түні АҚШ та Иранға қарсы операцияға қосылып, үш ядролық нысанды бомбалады. Кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран мен Израиль арасында уақытша бітім жасалғанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық