Импорттық жұмыртқаға тосқауыл: Қазақстан бақылауды күшейтті
Фото: Pixabay
Қазақстанда заңсыз жолмен әкелінетін тауық жұмыртқаларына қатысты бақылау шаралары күшейтілді. Бұл шешім Құс өсірушілер одағының өтінішінен кейін қабылданды, деп хабарлайды Orda.kz.
Одақ өкілдерінің айтуынша, соңғы уақытта кейбір сауда орындарында тиісті мемлекеттік бақылаусыз, шетелден заңсыз әкелінген жұмыртқалар ашық саудаға түсіп жатыр. Маусым айында жүргізілген мониторинг нәтижесінде еліміздің бірнеше өңірінде таңбасы жоқ немесе заңсыз әкелінгені анық байқалатын өнімдердің сатылымда жүргені тіркелген.
Құс өсірушілер бұл жағдайдың отандық өндірушілерге әділетсіз бәсекелестік тудыратынын, ал тұтынушылар үшін қауіпсіздік қатерлерін арттыратынын мәлімдеді.
«Мұндай өнімдер заңды жұмыс істеп отырған кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіріп қана қоймай, халықтың денсаулығына да қауіп төндіреді», – деп хабарлады одақ.
Аталған мәлімдемеден кейін сауда және интеграция министрлігі импортқа бақылауды күшейту туралы шешім қабылдағанын растады.
Еске сала кетейік, биылғы 4 сәуірде Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Қазақстан аумағына шетелдік тауық жұмыртқаларын уақытша әкелуге тыйым салынған болатын. Бұл шара ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру және демпингке жол бермеу мақсатында енгізілген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық