АҚШ-та әйгілі Гранд-Каньон өртеніп жатыр: 500-ге жуық турист эвакуацияланды
Фото: Pixabay
АҚШ-тың Аризона штатында орналасқан ұлттық саябақ Гранд-Каньонның оңтүстік-батыс бөлігінде орман өрті тұтанды, деп хабарлайды Orda.kz.
Өрт бейсенбі күні кешке тұтанып, жұмаға қараған түні саябақ әкімшілігі шамамен 500 туристі шұғыл эвакуациялауға мәжбүр болған. Сондай-ақ саябақ қызметкерлері мен жақын маңдағы тұрғындар да қауіпсіз жерге көшірілді.
Полицияның мәліметінше, эвакуацияланғандардың басым бөлігі — шатыр тігіп демалып жатқан саяхатшылар.
«Бұл өңір — таулы шөлейт, ашық орманды алқап. Көбіне демалушылар мен лагерьлер пайдаланатын аумақ», — деді жергілікті полиция өкілі Джон Пакстон.
Қауіпсіздік мақсатында Гранд-Каньонның солтүстік бөлігіне де уақытша кіруге тыйым салынды.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт найзағай соққысынан тұтанған. Құрғақ ауа райы мен ауыспалы жел бағыты өртті сөндіру жұмысын қиындатып отыр.
Жергілікті билік қазіргі таңда 3500 гектардан астам аумақтың отқа оранғанын мәлімдеді.
Бұл — биылғы АҚШ-та тіркелген алғашқы ірі өрт емес. Қаңтар айында Лос-Анджелес маңында 37 мың акр (шамамен 15 мың гектар) аумақ жанып, бірнеше елді мекен мен 12 мыңнан астам ғимарат жойылды. Сол жолғы апатта көптеген адам көз жұмды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық