Құмар ойынға әуестігі үшін 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан айырылды
Фото: DALL-E
Орал қаласында 24 мемлекеттік қызметші құмар ойындарға қатысқаны үшін тәртіптік жазаға тартылды. 16 қызметкер лауазымынан босатылды, деп хабарлады Orda.kz.
Бас прокуратура ақпараты бойынша, тексеру барысында қалалық әкімдік, мемлекеттік кірістер басқармасы мен полиция департаментінің бірқатар қызметкері букмекерлік кеңселер арқылы, оның ішінде онлайн платформаларда да бәс тіккені анықталған.
«2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігуге, соның ішінде интернет арқылы қатысуы — сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу болып есептеледі. Аталған фактілер бойынша 24 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, оның ішінде 16 адам қызметінен босатылды», — деп хабарлады Бас прокуратура.
Прокуратураның мәліметінше, қалалық әкімдіктің бір қызметкері OLIMPBET букмекерлік компаниясы арқылы өзінің ойын шотына 34 миллион теңгеден астам қаражат аударған. Тыйым салынғаннан кейін де ол қосымша 1,7 миллион теңге салып, оның 971 мың теңгесін ұтылып қалған. Бұл тұлға да қызметінен шеттетілген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық