Қазақстанда спортшыларға діни үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынды
Фото: olympic.kz
Қазақстандық спортшылар енді жарыстар мен ресми іс-шараларда өз діни көзқарастарын жария түрде насихаттай алмайды. Бұл туралы туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, қабылданған жаңа ережелер азаматтардың дінге сену немесе сенбеу бостандығына шектеу қоймайды. Мақсат – спорт саласында бейтараптықты сақтау.
«Қазақстан Конституциясы, халықаралық Олимпиада хартиясы және еліміздің дін туралы заңы – барлығы да азаматтардың ар-ождан бостандығына кепілдік береді. Біз бекіткен тәртіп осы нормаларға қайшы келмейді. Мұнда тек спортшылардың көпшілік алдында діни сенімін насихаттап, өзгелерге үгіт жүргізуіне шектеу қойылып отыр», – деді вице-министр.
Серік Жарасбаевтың айтуынша, діни мәселелер жөніндегі уәкілетті органдар бұл талаптың орындалуын бақылап отырады. Егер тәртіп бұзушылық анықталса, спортшы тіркелген федерация тәртіптік хаттама толтырып, істі арнайы комиссияға жолдайды.
Бұған дейін министрлік жаңартылған «Спорттық этика кодексін» жариялаған. 2025 жылғы 27 маусымда күшіне енген құжат спортшыларға, жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған мінез-құлық нормаларын нақтылайды.
Кодекске сәйкес, енді:
- бейәдеп сөз айтуға,
- жаттығу процесінің егжей-тегжейін жария етуге,
- мас күйінде көпшілік алдына шығуға,
- және ел имиджіне нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға қатаң тыйым салынады.
Сондай-ақ спортшылар Қазақстан туы мен елтаңбасына, әнұранына құрметпен қарап, саяси астары бар ишаралардан аулақ болуы тиіс. БАҚ-пен сөйлескенде әдеп сақтап, жастарға үлгі болуға міндеттеледі. Марапаттау рәсімдеріне ұлттық құрама немесе клубтың киімімен шығу шарт.
Құжаттың жеке тарауы діни тақырыптарға арналған. Онда спорттық ортада діни сенімді жария көрсетуге, өзгелерді діни ұйымдарға тартуға және миссионерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатыны нақты жазылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық