Рысбек Сәрсенбай Б. Назарбаевпен дастархандас болғаны туралы айтты
Жұмбақ жағдайда қаза тапқан Алтынбек Сәрсенбаевтың ағасы Рысбек Сәрсенбаев «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сұхбат беріп, елдегі ахуал және інісінің қазасы туралы бірқатар сұрақтарға кеңінен жауап берді. Сұхбат барысында ол «жылдағы дәстүр» бойынша Мақпал Жүнісованың шақыруымен Заманбек Нұрқаділовтың шаңырағында болған кезде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевпен дастархандас болғаны туралы айтып берді.
– Біз кездескенде жанында соңғысы ма, әлде соңғысының алдындағы ма, тоқалдарының бірімен отырды. Бір-біріне анекдот айтып отырды. Анекдот айтатын жер емес қой. Кетіп те қалғым келді, бір дастарханда отыру жиіркенішті болды. Мақпал да, қасымдағы жігіттер де «дастарханнан үлкен емессің» деп жібермеді. Сосын «Болат қазақта «өз аяғыңмен келді ме, Құдай айдап келді ме» деген сөз бар. Енді мені мұқият тыңда! Жақсылап ұғып ал да, ана Нұрсұлтан ағаңа жеткізіп бар, дедім. Түрі бұзыла бастады. Содан мен Зәкеңнің мемлекетке, қазаққа, Алматыға сіңірген еңбегі туралы айттым. Және осындай азаматқа «өз-өзін үш рет атып өлтірді» деп жала жапты. Осыны айтқызып отырған сенің ағаң ғой. Өтірігін доғарсын, Зәкең тірі болса өз намысын өзі қорғар еді. Өзі жоқ, оның намысын біз қорғаймыз. Ағаңа айт, қылмыстық іс қозғап, қылмысты ашсын, бәрі үшін өзі жауапты. Осыны жеткізіп бар, - дедім.
Рысбек Сәрсенбай Назарбаевпен жолыға қалса, осындай сұрақтарды өзіне тікелей қоятынын да жеткізді. Бұл сұрақтарды Ішкі істер экс-министрі Бауыржан Мұхаметжановқа да қойғанын жасырмады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық