Рыбакина қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Париж Олимипадасына қатыса алмаған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина қазақ елінен кешірім сұрады.
«Құрметті қазақстандықтар, жанкүйерлер, алдарыңызға шығып, мән-жайды түсіндіруді жөн санадым. Париж Олимпиадасына Қазақстан құрамасының атынан қатыса алмағаным үшін көңілім қатты құлазыды. Мен құрамамен бірге дайындалдым, көп еңбек еттім, медаль әкелгім келді. Бірақ дәл ойынның алдында ауырып, қызуым көтерілді, тыныс алуым қиындады. Сондықтан дәрігерлер кортқа шығуға тыйым салды. Сіздердің маған үлкен сенім артқандарыңызды білемін. Барлық қазақстандық жанкүйерлерден кешірім сұраймын», - деді Рыбакина.
Көптеген қазақстандықтар осымен үшінші рет ел атынан жарысқа қатыса алмаған Рыбакинаға әлеуметтік желіде өз наразылықтарын білдірген еді.
Еске салсақ, теннистен әйелдер ұлттық құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Париж Олимпиадасы басталар алдын денсаулығына байланысты бас тарту туралы мәлімдеме жасаған еді.
Жаңалықтар
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ