Руслан Берденовке оқ атқан Жиенбай тергеуде қысым көргенін мәлімдеді
Фото: Orda.kz
Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша сот өтіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Соттың алдын ала тыңдалымына Руслан Берденовтің өзі келмеді. Қастандық жасады деп айыпталған Ернар Жиембай сот залында өзін түсіруге тыйым салды. Кісі өлтіруге оқталу бойынша айыпталып жатқан 30 жастағы Жиембай алқабилердің қатысуынан бас тартып, істі тек судьяның қарауын сұрады.
Ернар Жиембайдың төрт адвокаты бар. Ал оның әкесі Жиембай Пралиев қоғамдық қорғаушысы ретінде танылды.
Алдын ала тыңдалымда мемлекеттік айыптаушы айыптау актісін оқыды. Онда «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС бұрынғы басшысы Ернар Жиембайдың қылмысты қалай жасағаны айтылды. Прокурор ақпаратына сүйенсек, Ернар Жиембай Берденовке шабуылды масаң күйде жасаған. Ол кешкі сағат жетілер шамасында әкімдік ғимаратына келіп, Берденовті күтіп 20:55 шамасында ғимараттан шыққан сәтте жүгіріп барып 5 рет оқ атқан. Кейін жерде жатқанын көріп, қасына барып, соңғы рет нақты өлтірмек болып атқалы жатқанда Бердкеновтың жүргізушісі көлікпен келіп Жиенбайды қағыпр өтеді Жараланғанына қарамастан Берденов Жиембай шамасы келгенше алысқан екен.
«Шымкент қаласы әкімдігінің құрылыс нысандарын мониторинг жүргізу басқармасының басшысы Кенжебаевтан ұялы телефон арқылы Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Берденов «Тұрғын үй Шымкен» ЖШС лауазымынан өз еркімен арыз жазып кетсін деген туралы айтқанын естіп, адам өлтіруге қатысты қасақана қылмыстық ойы пайда болды. Сөйтіп, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС ғимаратынан шығып, спирттік ішімдік сатып алып, танысынан аңшылыққа пайдалану үшін мылтық сұрады», – деді прокурор.
Фото: Orda.kz
Сотта Ернар Жиембай тергеу кезінде өзіне қысым көрсетілгенін мәлімдеді. Алайда қоғамдық қорғаушы ретінде сөз сөйлеген әкесі бұл мәлімдемені жоққа шығарды.
Ал жәбірленуші Руслан Берденовтің адвокаты істі қайта тергеуге жіберуді талап етті. Оның айтуынша, қастандық қоғамдық жерде жасалғандықтан, айыпқа «бұзақылық» бабы да қосылуы керек. Алайда бұл өтінішке не прокурорлар, не айыпталушының қорғаушылары негіз жоқ деп жауап берді. Сот бұл талапты қанағаттандырмады.
Келесі сот отырысы 6 тамызға белгіленді. Берденовтің адвокатының айтуынша, алдағы сот отырысына қала әкімінің орынбасары қатыспақ. Бұл жолы жәбірленуші денсаулығына байланысты келе алмады.
Автор: Назерке Еркінбекқызы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық