Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті
Фото: Шымкент әкімдігі
Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол 2025 жылдың ақпан айынан бері қала әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Оған дейін Мәжіліс депутаты болды. Оның қызметтен кеткенін Шымкент қалалық әкімдігі хабарлады.
«Руслан Берденов өзінің өтініші бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Ол бұл қызметті биылғы жылдың ақпан айынан бері атқарып келген», — деп жазды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, көктемде оған әкімдіктің қасында шабуыл жасалды. 20 тамызда сот Берденовке бес рет оқ атқан Ернар Жиенбайды кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.
Руслан Берденов 1985 жылдың наурыз айында Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КИМЭП университетін «Іскерлік басқару магистрі, қаржылық менеджмент маманы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы «Procter & Gamble LLP» компаниясында бастаған. 2010-2012 жылдары «EASTCOMTRANS» ЖШС-нің жылжымалы құрамды жалға беру департаментінің директоры, 2012-2018 жылдары «Ақ ниет» ЖШС-нің бас директоры, 2018-2019 жылдары «Ақ ниет» ЖШС-нің бақылау кеңесінің мүшесі, 2019-2023 жылдары «Aq Niet Group» бақылау кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 2023 жылдың наурызынан қала әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті VIII шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық