Рудныйда тұрғындар көшелерін қазақша атауға қарсы шықты
Фото: DALL-E
Рудныйда көшелердің атауын өзгерту үшін өткен қоғам пікірін тыңдауға арналған жиынның арты дауға ұласты, деп хабарлайды Orda.kz.
Депутаттар «50 лет Октября» көшесін «Достық», ал «Иван Франко» көшесін «Әлия Молдағұлова» деп атауды ұсынды. Жиынға қатысқан 12 депутаттың 10-ы бұл шешімді қолдады. Қарсы болған — КРЦ «Горняк» директоры Валерий Гирфанов. Тағы бір депутат дауыс беруден бас тартты.
Жиынға елдің көп келгені соншалық, залға сыймай қалды, жұрт иін тіресіп тұрды. Рудный тұрғындарының көзқарасы қайшы болды: бірі көшелерді қайта атау — уақыт талап ететін табиғи үрдіс десе, енді бірі мұндай өзгерістердің қисынды тұстарын көрмейтінін айтты.
«Қоғам өзгереді, уақыт өтеді. Сонымен бірге атаулар да жаңарады. Бұл барлық жерде болатын қалыпты құбылыс», — деді сөз алғандардың бірі
Тағы бір қала тұрғыны қазіргі атаулардың Рудныйдың тарихына қатысы шамалы екенін алға тартты:
«50 лет Октября — жай ғана идеологиялық атау. Франко — ірі тұлға болғанымен, Қазақстанға қатысы жоқ. Сондықтан қайта атауды қолдаймын».
Тыңдаулар барысында жергілікті тұрғын Екатерина Корчагина регламентті бұзғаны үшін залдан шығарылды. Ол тәртіпке бағынудан бас тартып, төрағаның айтуынша, қорлайтын сөздер айтқан. Кейін мәслихат басшысы Азамат Ысқақов оның үстінен полицияға шағым түсірді.
«Мұнда «Достық» атауын ойланбай таңдаған сияқты. Тек “50 лет” дегеннен құтылу емес пе? Франконың атына келсек, иә, Әлия Молдағұлова үлкен тұлға, бірақ ол да сол кезеңнің өкілі. Кеңеске қатыстыны алып тастап жатып, неге осыны ескермейсіздер? Неге бұл көшенің атауын ауыстыру керек? Бұдан не өзгереді? Денсаулық сақтау жағы жақсарып кете ме? Көшеде әр бұрышқа қоқыс тастап, түкіре беретіндерді бірден тәртіпке келтіре ме? Әлде ең болмаса балаларыңыздың тәртіпті болуына әсер ете ме?», — деді Валерия Корчагина.
Енді ұсынылған шешімді республикалық ономастикалық комиссия қарауы тиіс. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев «50 лет Октября» атауын өзгерту орынды дейді. Оның сөзінше, бұл атаудың бүгінгі мемлекет үшін идеологиялық маңызы қалмаған.
«50 лет Октября — ескірген атау. Қазақстан қазан төңкерісін мемлекеттік деңгейде атап өтпейді. Екінші мәселе қызығырақ. Бұрын шетелдік сарапшылар Қазақстан кеңестік мұраны жою үшін көшелердің атын өзгертіп жатыр деп дабыл қаққан еді. Ал Франко көшесін Кеңес Одағының Батыры Молдағұлованың есімімен алмастырса, олар бұл жолы не айтар екен? Мүмкін, үндемейтін болар. Бұл — олардың өз арасындағы қайшылықты көрсетеді» деп жазды ол
Еске сала кетейік, Ақтөбе облысында ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық