Рудный көшелерін қазақшалауға қарсы шыққан әйел айыппұл арқалады
Фото: Бейнеден кадр
Рудный тұрғыны қоғамдық тaлқылау кезіндегі дөрекі әрекет көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Полицияның мәліметінше, оқиға 21 қараша күні Рудный қаласында қоғамдық тыңдаулар кезінде болған.
«Талқылау барысында әйел адам регламентті өрескел бұзып, бейәдеп сөздер айтып, өзіне тән емес дөрекі мінез көрсеткен. Мұндай әрекет тыңдауға қатысушыларға құрметсіздік және қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланған. Материалдар әкімшілік сотқа жіберілді», деп мәлімдеді полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Нәтижесінде әйел адам кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде – 78 640 теңге айыппұл салынды.
Айта кетейік, Қостанай облысы Рудный қаласында екі көшенің атын қазақша өзгерту тақырыбы талқыланды. Тұрғындар Иван Франко көшесіне Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың есімін, ал Октябрьдің 50 жылдығы көшесіне Достық атауын беруді ұсынған.
Екатерина Корчагина қала көшелеріне қайта ат қоюға қарсы шықты. Ол жаңа атаулар денсаулық сақтау мен инфрақұрылым мәселелерін шешпейтінін мәлімдеді. Бұдан бөлек ол Рудный қаласының Кеңес үкіметінің арқасында пайда болғанын айтты.
Еске салайық, Тоқаев Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық