Рудный әкімі қазақ сыныбының тапшылығын айтып шағымданды
Фото: «Наша газета»
Рудный әкімі Виктор Ионенко қазақ тілінде сабақ өтетін сыныптардың жетіспейтінін айтып шағымданды, деп хабарлайды Orda.kz «Наша газета»-ға сілтеме жасап.
Әкімнің айтуынша, 11-шағын ауданда салынып жатқан 900 орындық жаңа мектеп оқушылары толығымен мемлекеттік тілде оқытылатын болады.
«Жаңа мектепке қосалқы станциядан екі электрмен жабдықтау кабелі жүргізілді. Жылумен, сумен және кәрізбен қамтамасыз етілді. Байланыс желісі қосылды. Бұл мектеп 100% мемлекеттік тілде жұмыс істейді. ERG қаражатына салынып жатқан 1200 орындық тағы бір мектеп орыс тілді болады. Қазіргі № 2 гимназия сол жерге ауыстырылады», — деді әкім.
Виктор Ионенко жаңа мектептер 1 қыркүйекке дейін ашылатынын мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, оған мемлекеттік тілде оқуға мүмкіндіктің жоқтығы туралы сұрақ жиі қойылады екен. Әкім мектепті бір тілден екінші тілге ауыстыру үшін мұғалімдер қажет екенін мәлімдеді.
Әкіммен кездесу барысында Рудный қаласының тұрғыны балаларының № 4 мектепте оқитынын айтты. Ол бастауыш сыныпта оқушылар қазақ тілінде оқығанын, ал 5-сыныптан бастап тек орыс тілінде оқып жатқанына шағымданды. Тұрғын бұл мәселені білім бөлімінің бастығына да айтқан.
«Рудныйда мемлекеттік тілді арттыру мәселесі қаралып жатыр. Халық саны бойынша біздің қалада және жақын ауылдарда халықтың 36 %-ы қазақтар, ал орыс тілді ұлттар — 54 %. Сондықтан түсіністікпен қарау керек», — деп жауап берді Рудный әкімінің орынбасары Сәкен Көкішев.
Айта кетейік, 25 мамырда Сәтбаев қаласында мас жүргізуші жасөспірімдерді қағып кеткен еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық