Рубль экономикамызды жалмауын тыймағанша, теңгенің құнсыздануы жалғаса береді – мәжілісмен
Фото: akzhol.kz
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев ҚР Ұлттық банкін қорқақтығы үшін айыптап, рубль Қазақстан экономикасын жерге тығу тоқтамаса, теңгенің құнсыздануы жалғаса беретінін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
«Бұл шешім емес, басын ала қашқан қорқақтық. Инфляцияға теңгенің көптігі емес, отандық тауар өндірісінің жетіспеушілігі қысым жасайтыны, оның табиғи салдарынан ішкі нарықтың импортқа тәуелді болатыны баршаға бұрыннан белгілі.
Ал доллардың нығаюы, дәлірек айтсақ, сауда шектеулерінің ауыртпалығынан Қазақстанға да зардап шегетін Ресей рублі бағамының төмендеуі (рубльдің теңгеге айырбасталуына және республикада долларды сатып алуға байланысты) әсер етіп отыр. Салдарынан инфляция теңгені одан әрі құнсыздандырып, қысымға ұшырап жатыр. Бұл санкциялар салдарынан құлдыраған рубльдің экономикамызды да құлдыратып, жерге тыққанынша жалғасады» деп жазды Перуашев жұма күні Telegram-арнасында.
Оның пікірінше, «мүмкін болатын шешім: рубль/теңге конверсиясынан бас тарту (бірақ бұл экономикалық және саяси себептер бойынша мүмкін емес) немесе – ішкі нарықты отандық тауарлармен толтырып, өз өндірісімізді ынталандыру».
«Бірақ бұл тез шешіле қоятын іс емес, сонымен қатар мұндай базалық мөлшерлемемен бизнес несиелері бұрынғысынша шамамен 20% болады. Ал мұндай пайызбен өндірісті дамыту мүмкін емес. «Даму» қорының субсидиялары (несиелер құнының айырмашылығын 7-9%-ға дейін жабады) жағдайды «шешіп» тастамайды, өйткені олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің 1%-ына ғана тиесілі, бұл экономика құрылымына іс жүзінде айтарлықтай әсер етпейді. Бұл жағдайда Ұлттық банкт базалық мөлшерлемесін әсерлі және батыл төмендеткені әлдеқайда тиімді болар еді. Бірақ Ұлттық банк экономиканы ойлаудың орнына, мүлде шешім қабылдамаудың себебін іздеуде. Міне, бізге қалатыны осы ғана», - деп түйіндеді Перуашев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 15,25 пайыз деңгейінде ұстап, экономиканы реттеу белгілерін де жариялаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық