Өртенген «Алтын бұлақ-2» жайында —Төтенше жағдайлар департаменті
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешеніндегі түнгі өрттің мән-жайын айтты.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешеніндегі түнгі өрттің мән-жайын баяндады. Құтқарушылар 18 қабатты тұрғын үйден 177 адамды эвакуациялады.
«2021 жылғы 10 желтоқсанда сағат 23:58-де Алматы қаласы Төтенше жағдайлар қызметінің күштері мен құралдары күшейтілген деңгейде Алмалы ауданы, Брусиловский, 167 мекенжайы бойынша аттанды. 00:08-де өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешенінің 18 қабатты тұрғын үйінің екі блогында кабель шахталары өртеніп жатқаны анықталды. Эвакуациялау жолдарында жоғары температура мен қою түтін пайда болды, соның салдарынан қауіп төнді. Құтқару жұмыстарын жүргізуге дереу барлық күштер мен құралдар жұмылдырылды. Тұрғындарға дауыс күшейткіш арқылы есіктерді мықтап жауып, баспалдақ алаңына шықпау хабарланды» делінген ТЖД мәлімдемесінде.
Оқиға орнына жедел штаб жұмылдырылған. Олар шығыс және батыс жағында өрт сөндіру аймақтарын құрды. Авариялық-құтқару жұмыстары кезінде газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері қызметкерлері 177 адамды эвакуациялады. 27 адам құтқарылды, оның ішінде бес бала, сонымен қатар екі үй мысығы. Өртті жою үшін өрт саптамалары енгізілді, гидранттарға автоцистерналар орнатылды. Баспалдақ алаңдарында түтіннің шоғырлануын азайту үшін түтін шығаратын өрт сөндіру машиналары пайдаланылды. Адамдарды құтқару және эвакуациялау үшін АКТП-54 – автоматты телескопиялық топсалы жебе көтергішін пайдаланылды.
Құтқару және өртті сөндіруге 85 қызметкер мен 23 техника жұмылдырылды. Жеке көлік түріндегі өрт сөндіру көліктеріне кедергілерге қарамастан, өрт сөндіру сатылары орналастырылды. Өрт 01.10-да оқшауланды, 01.45-те жойылды, 01.45-те жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық