Роза Рымбаеваның Ақтаудағы концертіне небәрі 50 адам жиналды
Фото: lada.kz
Танымал әнші Амал мерекесіне орай 14 наурыз күні Ақтауда концерт берді. Бірақ халық аз жиналып, ол азғантай аудиторияға өнер көрсетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Роза Рымбаева ашық сахнада өнер көрсеткен алаңға небәрі 50 адам жиналды. Inaktau -дың хабарлауынша, бұл күні құтқару қызметі облыстың барлық тұрғындарына секундына 20 метрге жететін дауыл соғатыны туралы ескерту таратқан. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан әнші концерттен бас тартпай, халық алдындағы парызын өтеп шықты.
«Біз концертті тоқтатуға ұсыныс жасадық, бірақ Роза Рымбаева үзілді-кесілді қарсы болды. Ақтаулықтар қашаннан ынтымақты халық, бұл қаланы аптап ыстықта, қақаған аязда, қатты желде, сусыз далада тұрғызған. Ендеше бұл концерт ақтаулықтарға деген құрмет», – дейді шара ұйымдастырушылары.
Дегенмен әлеуметтік желіде жұртшылық әншінің Ақтауға келгенінен бейхабар екенін жазып жатыр. Соған қарағанда ұйымдастырушылар көп нәрсені ескермеген сыңайлы, себебі әнші тура ауызашар уақытында өнер көрсеткен.
«Роза апа, ренжімеңіз. Дәл сол кезде бәріміз ауызшарда болдық», «Концерт туралы естімей қалдық. Білсек, қуана барар едік», «Бұл жерде ұйымдастырушылар кінәлі. Бұл жұмыс күні, сонымен қатар ораза айы, оның үстіне ауызашар уақыты», «Әнші апамыздан ұят болды» деген пікірлер жазды ақтаулықтар әлеуметтік желіде.
Алдағы уақытта Роза Рымбаева Қайрат Нұртаспен бірге Наурыз мерекесіне орай Павлодарда өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Қала әкімдігінің мәліметінше, әртістердің концертіне 10 миллион теңге жұмсалады. Солтүстікте болатын концертте ұйымдастырушылар бұндай олқылықтарға жол бермейді деп сенеміз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық