Роза Рымбаева мен депутатты сан соқтырып кеткен адам 6 жылға сотталды
Коллаж Orda.kz
Көлік және асыл тұқымды жылқы сатумен айналысқан кәсіпкер Серік Бекқайыров алаяқтық бойынша айыпталып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілердің қатарында Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов пен танымал әнші Роза Рымбаева бар.
Orda.kz. тілшісі Алмалы аудандық сотына хабарласып, іс жайлы сұрастырды.
Бұған дейін Алмалы аудандық сотында қаралған бұл іс көптің назарын аударды. Халық әртісі Роза Рымбаева оған 400 мың доллар тұратын пәтерін тек сөзге сеніп сатқан, ал депутат Дәулет Тұрлыханов 1 миллион 200 мың долларынан айырылды.
«Алмалы аудандық соты Бостандық аудандық №2 соты арқылы сотталушының өтелмеген жазасын ескере отырып, жалпы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қазіргі уақытта іс апелляциялық алқаға жіберілді», деп мәлімдеді Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі.
Іс жайлы
2023 жылдың 20 қарашасында Бостандық ауданының №2 аудандық сотына алаяқтық бойынша айып тағылған азаматқа қатысты іс түскен. 29 қарашада сот істі өзгеріссіз Алмалы аудандық сотына жолдау туралы шешім қабылдады. Айыпталушы Серік Бекқайыров — халық әртісі Роза Рымбаева мен депутат Дәулет Тұрлыхановтан миллиондаған долларды алдап алғаны үшін айыпталып отыр.
Айып баптары: 177-бап, 4-бөлім, «б» тармағы («алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы иемдену, топ болып алдын ала сөз байласу арқылы, қайталанған және аса ірі көлемде»); 190-бап, 4-бөлім, 2-тармақ («интернеттегі алаяқтық»).
Дәулет Тұрлыхановтың айтуынша, Бекқайыров оның үйінен қомақты ақша ұрлап кеткен. Ал Роза Рымбаева 2017 жылы ол Бекқайыровқа 400 мың долларға пәтер сатқан, алайда кәсіпкер тек 205 мың долларын төлеген. Қалған соманы Бекқайыров пандемия салдарынан бизнесінің тоқтап қалуымен түсіндірді. Тергеу мәліметтері бойынша, кәсіпкер бұл пәтерді қайта сатып жіберген.
Серік Бекқайыров деген кім?
Серік Бекқайыров 1961 жылы 18 тамызда дүниеге келген, қазір 62 жаста. Қазақстанда беделді және қоғамда белгілі азамат болғанын дәлелдейтін фактілер бар. Оған үлкен сенім артылып, ірі көлемдегі қаржыны сеніп тапсырған.
Ғаламтордан іздеп көрсек, есімі мен тегі ұқсас ауған қалпағын киген егде жастағы ер адамның профилі шығады. Туған күні сәйкес келеді. Достары арасында Ресейдің Орынбор қаласы мен Қазақстанның Орал қаласының тұрғындары бар. Сонымен қатар, Ресей мемлекеттік кітапханасы мұрағатында «Қазақстан Республикасының көлік кешенін дамытудағы экономикалық мәселелер және оны шешу жолдары» атты 2003 жылы жазылған экономика ғылымдарының докторы Серік Бекқайыровтың диссертациясы сақталған.
Серік Бекқайыров сондай-ақ, 2004 жылдың 25 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде тіркелген. Ол Батыс Қазақстан облысынан өзін-өзі ұсынған кандидаттар қатарында болған.
Бұл адам ел парламентіне үміткер болған, өзінің «Бекқайыр» ЖШС-сы бар және кейінгі жылдары оған сеніп, ірі көлемде қаржы тапсырған танымал адамдардың бірі болуы әбден мүмкін. Бірақ ол көпшілікке шыға беруді ұнатпаған. Интернетте Серік Бекқайыровтың басқа да атақтары мен жетістіктері туралы ақпарат аз. Ол екені немесе басқа біреу екені әзірге нақты белгісіз.
Telegram-арнасы «Nege.Aqsha»-ның мәліметіне сүйенсек, 2013 жылы Бекқайыров Тұрлыхановтан асфальт-бетон зауытын салу үшін 1,2 миллион доллар алған, кәсіпкер оған зауыттың 50%-дық үлесін уәде еткен. Алайда сотта Бекқайыров бұл ақшаны алмағанын айтып, «тергеу изоляторында Тұрлыхановтың адамдары 2 миллион доллар талап етіп, қорқытты» деп мәлімдеді.
Сонымен қатар, сотта Бекқайыровтың тағы екі жәбірленушіге автокөлік пен энергетика саласындағы мәселелерді шешіп беремін деп уәде беріп, ақшаны қайтармағаны талқыланды.
Сот Серік Бекқайыровты кінәлі деп тауып, оған 650 миллион теңгеден астам қаржыны жәбірленушілерге өтеп беруді міндеттеді.
Жаңалықтар
- Өрт ішінде қалған балаларды полицейлер ажалдан арашалап қалды
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды