Ростовтағы жағдай: Әскери нысандар бақылауға алынды
Автор: читатель 161.RU
«Вагнер» басшысы Евгений Пригожин өздерінің Ресейдің мемлекеттік шекарасын кесіп өтіп, Ростов орталығын бақылауға алғанын айтты.
Вагнер тобының негізін қалаушы Евгений Пригожин 24 маусымға қараған түні Ресей Қорғаныс министрлігін жалдамалылардың позицияларына шабуыл жасады деп айыптаған бірнеше аудио хабарлама жариялады. Ол «біз 25 мыңбыз, елде неліктен хаос болып жатқанын анықтаймыз» деді. Осы уақыт аралығында не белгілі болғанын Orda.kz. тілшісі анықтады.
Қала орталығында тікұшақтар мен полиция
Дәл қазір Пригожин мен оның жалдамалылары шекарадан өтіп, Ростов-на-Донуға кіргенін айтты. Ростов - Ресейдің оңтүстік-батысындағы ең үлкен қала, Оңтүстік федералды округтің және Ростов облысының әкімшілік орталығы.
Жергілікті басылымдар ондағы кіреберістердің жабылып, тікұшақтардың аспанға көтеріліп, әскери техника тартылып жатқанын жазады. 161.ru порталы Ростовтағы Шолохов даңғылы бойымен бронетранспортер тізбегі өтіп бара жатқаны туралы видео жариялады.
Басылым Ростовтағы болжамды «Вагнер» жалдамалылары Оңтүстік әскери округінің штаб-пәтерін ғана емес, сонымен қатар Ішкі істер министрлігінің бас басқармасының, ФСБ департаментінің, Ростов әкімшілігі және полиция бөлімдері басқармаларын қоршауға алғанын айтады.
Пригожиннің өзі Ростов әскери аэродромына және РФ Қарулы Күштерінің Ростов тобының штаб-пәтерін бақылауға алғанына жариялады.
Түске таман Ростовта полиция мен жол полициясы қызметкерлері өтіп бара жатқан Вагнер тобы жауынгерлерін қарсы алып жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Ешкім қарсылық көрсетпеген.
Қазіргі уақытта қалаға қарай М-4 күре жолында орасан кептеліс бар.
«Воронежден кейін бәрі жабылды, адамдар Мәскеуге қайта оралуда», - деп хабарлайды «Осторожно новости» жазылушысы. Басқа оқырмандар жақындарының кеше кештен бері кәдімгі автобустарда тұрып қалғанына, суы мен тамағы жоқтығына, бұл мәселелермен кімге хабарласу керектігін біле алмай жатқанына (Ресей Федерациясында болып жатқан барлық жағдайды ескере отырып) шағымданады.
Бұл ретте жергілікті тұрғын Orda.kz тілшісіне қала шетінде бәрі тыныш екенін, тек жанар-жағармай құю бекеттерінде кезек байқалатынын айтты.
«Әзірге бірде-бір полиция көлігі көрінбейді, олардың барлығы орталықта болса керек. Дүкендер әдеттегідей ашық. Екі сатушы әйелдің әңгімесі болмаса, қалада бірдеңе болып жатқанын білдіретін ештеңе байқалмайды».
«Үйден шықпаңыздар»
Алайда Ростов облысының губернаторы Василий Голубев тұрғындардан үйде отыруды сұрады.
«Қазіргі жағдай тәртіп сақтау үшін барлық күштердің барынша шоғырлануын талап етеді. Құқық қорғау органдары аумақ тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасауда. Барлығына сабыр сақтап, үйден қажетсіз шықпауды сұраймын» деп жазды Голубев өзінің Telegram-каналында.
«Мәскеуге бара жатырмыз» - Пригожин
Евгений Пригожин Ростовты қоршауға, одан кейін талаптары орындалмаса Мәскеуге баруға ниетті екенін мәлімдеді. Ол Бас штаб басшысы мен қорғаныс министрі Сергей Шойгуды өзіне тапсыруды талап етті. Осыдан төрт сағат бұрын ресейлік басылымдар Мәскеудегі Кремль маңындағы жағдай тыныш деп жазды.
«Воронеждегі әскери нысандар Вагнер тобының бақылауына алынды. Армия халық жағына өтеді» деді Вагнер тобының баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Мәскеу мэрі Сергей Собянин астанада қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында лаңкестікке қарсы шаралар жүргізіліп жатқанын айтты. Ресей Федерациясы астанасында жолдарға қосымша бақылау енгізілді. Қоғамдық шараларды өткізуге шектеу қойылған.
Осы уақытта ВКонтакте Евгений Пригожиннің мәлімдемелері жарияланған жазбаларды бұғаттай бастады. РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковке сілтеме жасаған ТАСС агенттігінің хабарлауынша, қауіпсіздік күштері Пригожиннің бүлік ұйымдастыру әрекетіне қатысты қолданып жатқан шаралары туралы Путинге тәулік бойы есеп береді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық