Ростовтағы бас автовокзалда барлық рейстер тоқтатылды
Теміржол вокзалында жолаушылардың көптігі байқалады. Ростов-на-Дону тұрғындары қаланы тастап кетуге әрекеттенуде.
Telegram арналарында жарияланған суреттер Ростов тұрғындарының жанармай құю бекеттерінің алдында ұзын-сонар кезекке тұрғанын көрсетеді.
Қаладан жеке көліксіз шығу да қиын: БАҚ жүздеген адам жиналған қала маңындағы теміржол вокзалы перронынан түсірілген кадрларды жариялады. «Коммерсантъ» газеті қаланың басқа вокзалдарында да адамдар толып жатқанын жазады. «Донавтовоказал» сайтының хабарлауынша, бүгін Ростов-на-Донудан автобус бағыттары толығымен тоқтатылды.
Бұл ретте қалалық дүкендердегі сөрелер тез босап жатыр. Әсіресе, жергілікті тұрғындар нан мен жұмыртқа сатып алуда. Кейбір дүкендер тіпті әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатуды шектей бастады.
Бүгін таңертең қалаға «Вагнер» тобының жауынгерлері кірді. Жеке әскери компанияның негізін қалаушы Евгений Пригожин Ростов-на-Дону аумағындағы барлық маңызды әскери нысандарды жалдамалылар бақылайды деп мәлімдеді.
Ростовтағы «Блокнот» басылымы вагнерліктер адамдарды заңсыз ұстайды деп жазады: бұл, кем дегенде, екі ер адаммен болды - белгісіз себептермен Вагнертобының жауынгерлері оларды жерге жатқызған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық