«РОП операторының» бұрынғы құрылтайшысы елге экстрадицияланды
«РОП операторының» бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтарова Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға «РОП Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы, халықаралық іздеуде жүрген Ш.Мұқтарованы экстрадициялады» делінген мәлімдемеде.
Ш.Мұқтарова «РОП Оператор» ЖШС бас директоры С.Коротенконың қатысуымен 920 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінген болатын. 27 шілде күні сағат 19:01-де Мұқтарова Астана әуежайында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ескерерлігі, жұрт Шынар Мұқтарованы еліміздің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваның жақын адамы ретінде біледі.
Еске салайық, 11 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев «РОП Оператор» ЖШС-ін қалдықтарды жинауды жүзеге асыруға монополиялық құқығынан айыруды тапсырған болатын. Мұны шет елдердегідей мемлекеттік ұйым жасау керектігін қадап айтты.
Алымдардға келетін болсақ, мемлекет басшысының пікірінше, олардың мөлшерлемесін қайта қарасытыру керек. Нәтижесінде құрылым қайта өңдеуді жүзеге асыру құқығынан айырылып, мемлекет бақылауына өтті.
19 қаңтарда Әлия Назарбаевамен байланысты «РОП операторы» ақы алу құқығынан айырылды. 11 наурызда «РОП Операторының» бұрынғы басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.
«РОП Оператор» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтароваға іздеу жарияланған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық