Ringobet.kz букмекерлік кеңсесі лицензиясынан айырылды
Фото: Ringobet
Қазақстандағы Ringobet.kz букмекерлік кеңсесі заңды бұзғаны үшін лицензиясынан айырылды.
Бұл туралы туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ringobet.kz букмекерлік кеңсесі заңды бұзғаны үшін лицензиясынан айырылып, айыппұл салынды. Оған сәуір айында жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Заңға сәйкес, бәске тігу қабылдайтын сервер Қазақстанда орналасуы керек. Компания бұл талапты бұзған.
«Сонымен қатар, букмекерлік кеңсені басқаруға лицензия алу кезінде олар көрінеу жалған ақпарат берген. Осыған байланысты букмекерлік кеңсе ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 849 мың теңге айыппұл салынып, букмекерлік кеңсені басқару лицензиясынан айырылды» делінген хабарламада.
Кәсіпорын сайтында министрліктің 23 сәуірдегі бұйрығына сәйкес лицензияның күші жойылды деп жазылды.
Жаңалықтар
- Каньэ Уэст: Алматылықтар күткен әлемдік шоу
- Үкімет Қашағанның 10,7 млрд долларлық келісімшарты бойынша жемқорлық болғанын мәлімдеді
- Иран Трамптың Ормуз бұғазын АҚШ-тікі деп жариялау жоспарына жауап берді
- ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
- 17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер
- Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар
- Алматыдағы блэкаут: Қала көшелерінде 1300-ден астам заңбұзушылық болды
- Түркістан облысындағы жанармай бекетінде бензин таситын 10 тонналық көлік өртенді
- Дастан Сәтбаев жаңа маусымда «Бернли» сапында ойнайды
- Алматыда бағдаршамдар іске қосылып, метро жұмысын қайта бастады
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған