Ринат Зайытов тұрғын үйге қатысты үлескерлер мәселесін көтерді
Фото: Ашық дереккөзден
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов тұрғын үй мәселесін көтерді, деп хабарлайды Orda.kz порталы
«Еліміздегі өзекті мәселелердің бірегейі ол тұрғын үй мәселесі екенін жақсы білесіздер. Және де ол бір жақты ғана емес, жан-жақты. Иә, проблема барлық аймақта бар. Бірақ Астананың жайы ерекше. Үлескерлердің өз баспанасынан айырылып қалуынан бастап, Елордада апта сайын бой көтеретін тұрғын үй кешендерінің сын көтермес сапасына дейін. Жүгенсіз заңсыздықтар мен мыңдаған халықтың естілмей, естілсе де ескерілмей жатқан мұңы бар. Бұл жағдайды біржақты қылмаса, іс насырға шабуы әбден мүмкін»,- дейді депутат.
Депутаттың сөзінше, «Азия плюс» тұрғын үй кешенінде тұрғындар, яғни қариялар, кішкене балалармен жүкті аналар, сондай-ақ мүгедектігі бар тұлғалардың өз үйлеріне кіретін есігі, не кіреберісі жоқ. Сондықтан олар күнделікті паркинг арқылы кіруге мәжбүр.
«Соның салдарынан бір баланы көлік қағып, күні кеше ғана 16-шы наурызда екі жеткіншек арсыз педофилдің қолына түсе жаздаған фактілер анықталған. Онымен бұл мәселе біткен жоқ, бұл үйді тұрғындарға сатар кезде «Бизнес» санатындағы үй деп сатып, бірер жыл өткен соң пайдалануға қабылдау кезінде «Эконом» санатына ауыстыра салулары да мүмкін екен. Сонымен қатар, «Успешный дом» тұрғын үй кешенінің тұрғындары да алаяқтық іс әрекетке ұшырап отыр. Бұл көп өзекті мәселелердің біразы ғана, айта берсек айлап тауыспайтындай - зар бұл», - дейді Ринат Зайытов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық