Ринат Зайытов халықтың топан суға дайындығы туралы әлеуметтік желіге жазба жариялады
Фото: Ашық дереккөзден
Ринат Зайытов халықтың топан суға өз бетінше дайындалғаны туралы әлеуметтік желіге жазба жариялады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Елімізде болған төтенше жағдай бізге біраз сабақ берді. Апаттарға кез-келген уақытта дайын болу соның бірі. Абай облысы Ақсуат, Көкпекті аудандарында үлкен зауалдардың алдын алғаны көрініп тұр. Ия, шығын жоқ емес, бар. Бірақ, салыстырмалы түрде көп кеселден аман. Сапар барысында түсінгенім ең бірінші жергілікті басшылық халықты ұйымдастыра білуі керек. Орталықтың көмегі көзді ашып-жұмғанша келе салмайды. Абай обылысындағы жұрт судың тасуына дайындалғаны көрініп тұр. Соның арқасында бірнеше ауыл іргесіне келген топан суды өз күшімен бұрған. Әрине, басы-қасында жергілікті атқамінерлер жүр. Шіркін, Қазақстанның әр ауданында осындай ұйымшылдық болғанда ғой…» деп жазды депутат.
Сондай-ақ депутат бұл жағдайда биліктің қолы байлаулы болғанын да тілге тиек етті.
«Сонда да көреген халық бірлік танытып, жұмыла әрекет жасаған.
Ендігі кезекте топан судан зардап тартқан елдің шығынын уақтылы өтеп, келесі болуы мүмкін апаттарға барынша дайындалу керек. AMANAT партиясы еліміздің түпкір-түпкіріне өз өкілдерін жіберіп, сол нәтижемен тиісті жұмыстарды жүргізуде. Бастысы, қандай сынақ келсе де бірліктің алмайтын белесі жоқ. Осыны ұмытпайық. Ел аман, жұрт тыныш болғай»де п жазды ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық