Риэлторлық қызметтің ұлттық талаптары күшейтіледі
Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин өз жауабында айтқан.
«Бүгінде риэлторлық қызметке Кәсіпкерлік, Азаматтық және Салық кодекстері, «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Жарнама туралы» заңдар қолданылады. Алайда риэлторлық қызмет саласын реттейтін қолданыстағы құқықтық база біліксіз және заңсыз жұмыс істейтін риэлторларды анықтауға толық мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты 2018 жылы Қазақстанның Біріккен риэлторлар қауымдастығы Ыстанбұлда Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының риэлторлық қызметтегі бірыңғай ұлттық стандарттар туралы конвенциясына қол қойды», - деді Үкімет басшысы.
Оның айтуынша, 2019 жылы Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК тізілімінде салалық техникалық комитет тіркелді. Комитет міндеттеріне риэлторлык қызмет нарығында кәсіби стандарттарды ілгерілету кіреді.
«Осы жылдың соңына дейін риэлторлық қызметке қажетті талаптар көзделетін ұлттық стандартты қолданысқа енгізу жоспарланған. Осы салада жұмыс істейтін мамандар аталған ұлттық стандарт бойынша оқудан өтеді және тиісті сертификат алады. Осылайша ұлттық стандарттарды енгізу азаматтарды білікті емес қызметтерден қорғауға мүмкіндік береді. Дамыған елдерде (Ұлыбритания, Испания, Бельгия, Нидерланды және басқалары сияқты) риэлторлық қызмет нарығын реттеу функциялары жосықсыз қатысушылар үшін кедергілер белгілейтін өзін-өзі реттейтін ұйымдарға берілгенін атап көрсетеміз. Осы фактіні ескеріп, қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдар халықаралық тәжірибені ескере отырып, риэлторлық қызметті өзін-өзі реттеуді енгізу мәселесін қарап жатыр», - дейді Асқар Мамин.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық