Риддерде әріптесін зорлаған полицейге қатысты жаңа мәліметтер пайда болды
Риддерде экс-полицей өзінің әріптесін зорлады деген күдікке ілінген. Ол 29 қарашада қамауға алынды.
Кейін 6 желтоқсанда ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүріп жатқаны белгілі болды.
Orda.kz сайтының ресми сауалына ШҚО прокуроры Еділ Жұбанов полиция қызметкерінің ісі Қылмыстық кодекстің 120-бапбы 2-бөлігі бойынша тергеліп жатқанын растады. Демек, қылмыс төмендегідей жолдармен жасалған:
- алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен;
- өлтіремін деп қорқытып, сол сияқты жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты ерекше қатыгездікпен;
- жәбірленушінің венерологиялық ауруды жұқтыруына әкеп соғатын;
- қайталап жасалған;
- адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған.
Айта кетсек, 120-баптың екінші бөлігінде көзделген қылмыс 9-12 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.
– Қазіргі уақытта дәлелдемелерді жинау және бекіту бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, - деді прокурор.
Жұбанов тергеу құпиясын алға тартып, Orda.kz сайтының басқа сұрақтарына жауап бермеді.
Еске салсақ, 29 қарашада Риддер қалалық ІІБ қызметкерінің зорлау бабы бойынша қамауға алынғаны белгілі болды. Ұсталған қызметкердің басшысы қызметінен босатылды.
«Ол құқық қорғау органдарының абыройына нұқсан келтірген теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босатылды. Оның тікелей басшыларын жұмыстан босату туралы шешім қалалық ішкі істер басқармасының бастығының алдында шығарылды» деп жазды ШҚО жол полициясы басқармасының басшысы Сағат Мәдиев өзінің Facebook парақшасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық