«Риддер ЖЭО» 20 мыңнан астам тұтынушының шығынын өтеді
«Риддер ЖЭО» АҚ басшылығымен 20 мыңнан астам тұтынушыға жеткіліксіз берілген жылу үшін қайта есептеу жүргізілді.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы нақтылағандай, мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы «Риддер ЖЭО» АҚ қызметін тексеруде.
«Тексеру барысында тұрғындарды жылу энергиясымен толық қамтамасыз етпеу және оның сапасының нашарлау фактілері анықталды.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы Реттеу департаментіне қадағалау актісін енгізді. Шығыс Қазақстан облысы Табиғи монополиялар басқармасының «Риддер ЖЭО» АҚ қайта есептеуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды» делінген хабарламада.
Осыған байланысты «Риддер ЖЭО» АҚ 21,7 мың тұтынушының 63 млн теңге көлеміндегі шығынын қайта есептеу арқылы өтеген.
19 қаңтарда Риддердегі жылу электр орталығында жанар-жағармаймен қамтамасыз ету цехында өрт шықты.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатқанын, оның нәтижесінде «Риддер ЖЭО» не мемлекет меншігінде болатынын, не оны істете алатын инвесторға берілетінін хабарлады. Риддер тұрғындары алдындағы барлық міндеттемелерді және қарыздарын «жабу» ғана емес, сонымен қатар жабдықтар мен желілерді күрделі жөндеуден өткізу де ескеріледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өрттің шығуына кәсіпорын иелерінің қылмыстық салғырттығы себеп болды деп есептейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық